Оқушылар мінген көлік жол апатына ұшырады

Оқушылар мінген көлік жол апатына ұшырады

Оқушылар мінген көлік жол апатына ұшырады
ашық дереккөзі
Атырау облысы Индер ауданында оқушылар мiнген автомобиль жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды "Ақ Жайық". Жол-көлiк оқиғасы 6 желтоқсанда 19:50 шамасында Индер - Атырау тасжолында Бөдене ауылына жақын маңда болған. Opel Vectra және Lada Х-Ray автокөлiктерi соқтығысқан. Жол апаты салдарынан Opel автокөлiгiнiң 32 жастағы жүргiзушiсi қаза тапты. Дереккөз мәлiметiнше, Lada тiзгiнiнде Құрылыс ауылының мұғалiмi болған, ол бес оқушыны аудан орталығы Индербор кентiнен олимпиададан алып қайтқан. 9 адам зардап шектi, оның iшiнде бес бала да бар. Олар аудандық ауруханаға жеткiзiлдi.