2 Желтоқсан, 14:30 230 0 Спорт Анар ЛЕПЕСОВА

Сауль Альварес рингке қашан оралады?

Мексикалық боксшы Сауль Альварестің жаттықтырушысы Эдди Рейносо «Канело» рингке қашан оралатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

«Канело» мамырда қандай салмақ дәрежесінде жекпе-жекке шығатынын шешуге әлі біраз уақыт бар. Әлі бес ай бар. Оған 160 не 168 фунтта жұдырықтасу қиын емес. Біз DAZN және Golden Boy-мен сөйлесіп, қай қарсыластың келетінін шешеміз. Жекпе-жек анонсы 15 қаңтардан кейін шығады», - дейді Рейносо.

Айта кетейік, «Канеломен» жекпе-жекке шығуы мүмкін деген үміткердің бірі қазақстандық боксшы Геннадий Головкин. Ол мексикалық боксшымен трилогия жасағысы келген. Олардың алғашқы жекпе-жегіндегі нәтиже бойынша тең түсіп, ал рематчта судьялар жеңісті мексикалыққа берген.

Соңғы жаңалықтар