Ақтөбедегі Мәңгілік ел даңғылына Елбасы есімін беру ұсынылды

Ақтөбедегі Мәңгілік ел даңғылына Елбасы есімін беру ұсынылды

Ақтөбедегі Мәңгілік ел даңғылына Елбасы есімін беру ұсынылды
ашық дереккөзі
220
Ақтөбеліктер облыс орталығындағы Мәңгілік ел даңғылына Елбасының атын беруді ұсынып жатыр. Енді осыған байланысты демалыс күндері бұл өңірде жаппай қоғамдық тыңдау өткізілмекші, деп хабарлады КТК. Нұрсұлтан Назарбаевтың аты ұсынылып отырған даңғыл жаңадан салынған ықшамауданда орналасқан. "Мәңгілік ел" атауын тұңғыш президенттің атына өзгерткен жөн, - дейді белсенділер. Бұған дейін қаланың қақ ортасындағы Әбілқайыр хан даңғылының жартысын Елбасының атына бермек те болған еді. Бірақ оны ономастикалық комиссия құптамады. Белсенділер бұл жолы өтінішті "кері қайтара қоймас" деген ойда. "Елбасы және Мәңгілік ел деген ол бір-бірімен ұштасып жатыр деп ойлаймыз. Сондықтан да бұл көше Елбасының атына әбден лайық. Себебі, Қазақстанның әр қаласында ондай көше бар. Біз қолдаймыз. Бізде де Назарбаев көшесі болсын!", - дейді белсенді Нарқозы Қартжан.  

Серіктес жаңалықтары