Қазақстан мен ЕАЭО елдерінің алыс-берісі 26,5 пайызға кеміген

Қазақстан мен ЕАЭО елдерінің алыс-берісі 26,5 пайызға кеміген

Қазақстан мен ЕАЭО елдерінің алыс-берісі 26,5 пайызға кеміген
ашық дереккөзі
312

Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 25,6%-ға қысқарды. Еуразиялық экономикалық комиссия келтірген бұл деректі LS жариялады. Өткен жылдың қаңтар-қазан айында Ресей мен Қазақстан бір біріне 12,8 млрд. доллар көлемінде тауар сатқан. Бұл көрсеткіш 2014 жылдың осы кезеңінде 17,2 млрд. доллар болған. Осылайша екі елдің сауда айналымы 4,4 млрд. долларға немесе 25,6%-ға қысқарғанын байқауға болады. Қазақстанның ЕАЭО мүше өзге мемлекеттермен алыс-берісі де 2015 жылы айтарлықтай азайған. Атап айтсақ, Қазақстан-Белорусь арасындағы сауда көлемі 2015 жылдың қаңтар-қазан айында 736,1 млн. доллардан $512,6 млн.-ға дейін (-30,4%) кеміген. Мұнымен қоса, Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы сауда-саттық 2015 жылы 28,6%-ға төмендеп, 2014 жылмен салыстырғанда 911,7 млн. доллардан $650,8 млн.-ға түскен. Ал Армениямен сауда көлемі 15%-ға азайды. Жалпылама айтқанда, Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара сауда көлемі 2015 жылы 38 млрд. долларды құрады. Бұл 2014 жылдағы тауар айналымымен салыстырғанда 26,5%-ға кем.

Серіктес жаңалықтары