Дүние жүзінде 7 млн бала қамауда отыр

Дүние жүзінде 7 млн бала қамауда отыр

Дүние жүзінде 7 млн бала қамауда отыр
ашық дереккөзі
393
Бүгінде 7 миллионнан астам бала бостандығынан айырылған. Олар түрмеде, иммигранттарды қабылдайтын орталықтарда және өзге де жабық мекемелерде отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат БҰҰ-ның ресми сайтына сілтеме жасап. Біріккен Ұлттар Ұйымы Global Campus of Human Rights ұйымымен бірлесіп өткізген зерттеу нәтижесі қалыптасқан ахуал Бала құқықтары жөніндегі конвенцияның принциптеріне кереғар ететін көрсеткен. Бұл халықаралық келісімшарттың қабылданғанына қараша айында 30 жыл болады. Сауалнамалар барысында анықталғандай, жабық мекемелерге көбіне халықтың кедей санатынан, діни азшылық топтардан шыққан балалар, мигранттар, босқындар мен мүгедек-балалар түседі. Денін ата-аналары тастап кеткен немесе олардан тартып алған. Сарапшылар атап өткендей, көшеге түскен олар зорлық-зомбылық құрбанына айналады немесе еңбек құлдығына айналады. «Кем дегенде 410 мың жасөспірім мен балалар зорлық-зомбылық қалыпты жағдай саналатын түрмелерде немесе тергеу изоляторларында отыр. Олардың көбіне сабақтан қашу, тәртіпке бағынбау және алкоголь ішу кінәлары тағылған. Тағы миллион бала қандай да бір мән-жайды анықтау үшін полиция учаскелеріне жеткізілген. Одан бөлек, жыл сайын 80 елден 330 мың бала мигранттарды қабылдайтын орталықтарды паналайды. Бес миллионнан астамы түрлі үлгідегі жабық мекемелерге тоғытылған. Сонымен қатар, соңғы уақытта қарулы қақтығыстармен байланысты немесе ұлттық қауіпсіздікті қорғау тұрғысында түрмеге түсетін кәмелетке толмағандардың саны артуда», - делінген БҰҰ сайтында. Мәлім етілгендей, бостандықтан айыру денсаулығындағы кінәраттарды өршітіп, жаңа проблемалар туындатады: депрессия, травмадан кейінгі синдром, суицид туралы ойлар. «Ғалымдар анықтағандай, балаларды түрмеде ұстау мен бостандыққа шыққаннан кейінгі өлімінің арасында байланыс бар», - деді ұйымнан. Зерттеу барысында бұл мәселеде аздаған оң өзгеріс бары анықталған. Бірақ балаларды жабық мекемелерде ұстау шараларына альтернатива табу қажеттігі атап өтіледі.  

Серіктес жаңалықтары