«Маңғыстау жұлдыздары» XIV облыстық өнер фестивалі аясында аймақтың танымал айтыскерлері бас қосады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Іс-шараның мақсаты – суырыпсалма ақындық өнерді насихаттау және өңірдің жас таланттарын қолдау.
Айтысқа Мейірбек Саламатов, Әмірхан Деконов, Бейбіт Байжігіт, Жанболат Әлиев, Сержан Орынбасар, Сәндібек Ботабаев, Алпысын Суемов, Ербол Жұмажанов, Нұрсұлтан Оңғарбаев және Қайырбек Теңел сынды айтыскер ақындар қатысады.
11 қараша күні сағат 15:00-де 1-шағынаудан, 18/2 Маңғыстау облыстық ғылыми-әдістемелік және мәдени қызмет көрсету орталығында өтеді. Кіру тегін!