Жан жылуын сезбегендер жат ағымға тез ереді

Жан жылуын сезбегендер жат ағымға тез ереді

Жан жылуын сезбегендер жат ағымға тез ереді
ашық дереккөзі
Өткен аптада Нұр-Сұлтан қаласында «Дін саласындағы мәселелерді жариялау бойынша журналистерге арналған тренинг» деген тақырыпта жиын болды. Сарапшылар мен дінтанушылардың қатысуымен өткен семинарды Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитеті ұйымдастырды. Басты мақсат – дін саласында материал жазатын журналистердің кәсіби біліктілігін арттыру және олардың шеберлігін шыңдау. Журналистер, дінтанушылар мен теологтардың еркін пікір алмасу алаңында көптеген маңызды мәселелер ортаға салынды. Еліміз бойынша жат ағымның же­те­гінде кеткендердің саны әлі азаймай отыр. Жер бетіндегі жұмақты іздеп, ше­гара асып Сириядан бір-ақ шыққан  516 қазақстандық (оның 357-і балалар) биыл «Жусан» операция­сы­ның аясында елімізге оралды. Елге қай­тарылған аза­маттардан қоғамы­мыз­ға қауіп бар ма жә­не олардың орта­ға бейімделуі қалай жү­ріп жатыр деген сауалдың туындай­тыны анық. Біздің қоғамда әлеуметтік жағдайы тө­мен және жоғары білімі жоқ адамдар өзге ағымның жетегіне еріп кетеді де­ген сыңаржақтау пікір бар. Бірақ жақсы өмір іздеп Сирияға кеткен азаматтарды зерттей келе бәрінің отбасында бері­летін тәрбиеге байланысты екені бел­гі­лі болып отыр. Мектепте, студент­тік кезеңдерде өмірінде белгілі бір ақаулар болған, ата-анасымен жеке қарым-қа­тынастың дұрыс болмауынан және жан жылуының жоқтығынан зардап шеккендер өзге ағымның тұзағына тез түсетін көрінеді. Дін істері комитетінің төрағасы Ер­жан Болатқанұлы «Жусан» опе­рация­сы бойынша Сириядан оралған көп­балалы әйелдердің балаларының құ­жаттарын реттеу бойынша үлкен жұ­мыстар жүріп жатқанын айтты. Өйт­кені балалары Сирияда туған ана­ларға өз баласы екенін дәлелдейтін ар­найы геномдық сараптамалар жа­салуы керек. Алдағы уақытта құжаттық мә­селелердің барлығы шешіліп, елге қай­тарылған азаматтармен арнайы жұ­мыстар жалғасын табатын болады.  

Арайлым ЖОЛДАСБЕКҚЫЗЫ