Үлкен Алматы шыңын бағындыруға шыққан турист қыз жоғалып кетті

Үлкен Алматы шыңын бағындыруға шыққан турист қыз жоғалып кетті

Үлкен Алматы шыңын бағындыруға шыққан турист қыз жоғалып кетті
ашық дереккөзі

ІІМ төтенше жағдайлар комитеті республикалық жедел-құтқару жасағынының жеке құрамы екі күн бойы Алматы қаласының маңында жоғалған турист қызды іздестіруде, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. 

Ведомствоның мәліметінше, жедел-құтқару жасағы турист қыздың жоғалғаны туралы 10 қараша күні түнде білген.

Қыздың туыстары оның соңғы кездері тау туризмімен белсенді айналысып жүргенін жеткізді. Белгілі болғандай, ол 9 қарашада Үлкен Алматы шыңын бағындыруға шыққан. Кейінірек ол әлеуметтік желідегі парақшасына шыңнан түсірілген бейнеролик жариялаған. Содан кейін байланысқа шықпаған.

Іздеу жұмыстары ауа райы жағдайына байланысты қиындай түскен. 11 қараша күні таңертең іздестіру аумағын кеңейту үшін қосымша күш шақыртуға шешім қабылданды.

Осылайша, құтқарушылар екі топқа бөлінді. Біріншісі өткел арқылы Үлкен Алматы шыңына қарай жаяу барады. Шыңға тура жолмен бару қар көшкіні болу қаупіне байланысты мүмкін болмай отыр. Екінші топ "Проходное" шатқалы арқылы өтіп, жақын маңдағы аудандарды тексеріп шығады.