Елорданың сол жағалауындағы ғимараттар жарықпен толық қамтылды

Елордадағы авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу орнына қала  әкімі Алтай Көлгінов шықты. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Барлық 9 көппәтерлі тұрғын үй кешені, сондай-ақ Ақорда, Парламент Сенаты, Мәжіліс, Министрліктер Үйі, Үкімет үйі, Жоғарғы сот – электрмен жабдықталды. Сонымен қатар, 9 көппәтерлі тұрғын үйдің 9-ы жарықпен қамтылды: «Уют» , «Краун Плаза», «Тұмар» (2 үй), «Арт Хаус» , «Вива плаза» , «Алатау», «Водно-зеленый бульвар».

«Бәйтерек» монументін, «Изумрудный квартал» бизнес орталығын, «Керуен» , Ұлттық кітапхана мен Ұлттық мұрағат ғимараттарын жарыққа қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде, – делінген хабарламада.

Кабельдік желілерді 15 адамнан тұратын авариялық-қалпына келтіру бригадасы мен  6 арнайы техника қалпына келтірді. Ғимараттарды электрмен жабдықтау өрт сөндіру бригадаларына рұқсат беру кезінде электр тоғымен зақымданудан қауіпсіздік мақсатында ажыратылды.

Авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу орнына елорда әкімі Алтай Көлгінов шықты. Қала әкімі апат себебін анықтауды тапсырды.

Back to top button