«Қазақстан дүнгендері: мәдениеті мен дәстүрлері» мерекелік іс-шара өтті

Сондай-ақ!

Әлемде қанша адам құлдықта жүр?

Адамды еркінен айырып, құлдықта ұстау – әлемдегі еі ауыр қылмыстардың бірі. Оны тоқтату үшін әлемдік қауымдастық жетпіс жылдан аса уақыттан бері күш салып келеді,...

Путин Қазақстанда өтетін парламент сайлауы туралы ойын айтты

Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстанда өтетін парламент сайлауы турлалы мәлімдеді, деп хабарлайды. Путин Қазақстанның саяси күнтізбесінен хабары екенін білдірді. «Келесі жылдың 10-шы қаңтарында өтетін парламент сайлауын...

Хабиб Қазақстанда турнир өткізеді

Мәскеуде өтіп жатқан баспасөз мәслихатында Хабиб Нұрмағомедов Қазақстанда турнир өткізетінін айтып өтті, деп хабарлайды. "Ресейді біз келесі жылы алты турнир өткіземіз. Мәскеу, Нижний Новогород, Дағыстан,...

Өзбекстан азаматы шекарада есірткімен ұсталды

Polisia.kz хабарлауынша, Түркістан облысында «Жібек жолы» шекара бекетінде есірткі алып алып бара жатқан Өзбекстан азаматы ұсталған.  Өткізу бекетінде шетелдіктерді тексеру барысында Нано атты қызметтік...

1 қарашада Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қазақстанның дүнгендер қоғамының ұйымдастыруымен Алматы қаласындағы Достық үйінде «Қазақстан дүнгендері: мәдениеті мен дәстүрлері» атты мерекелік іс-шара өтті.

Достық үйінің шаңырағының астында өткен дүнген этномәдени бірлестігінің мәдениеті мен дәстүрлері күнімен құттықтаған ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ж.Қ.Түймебаев:

«Тұрақтылық пен гүлденудің негізі болып табылатын Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен осындай тамаша достық пен бірлік мерекелерін өткізу жақсы дәстүрге айналып отыр. Этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен мүшелері қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті, рухани-адамгершілік құндылықтарды, бейбітшілік пен достық қағидаттарын нығайтуға бағытталған іс-шараларды өткізуге аянбай жұмыс жасауда. Өйткені, бірлік болмаса, бейбітшілік пен келісім болмаса өлшеусіз термен, қыруар қажыр-қайратпен жасалып жатқан елімізді өркендету жолындағы еңбектің бәрі де бекер болар», – дей келе, дүнгендердің Қазақстанға қоныс аудару тарихы жайлы да айтып өтті.

 «Қазақстан дүнгендері: мәдениеті мен дәстүрлері»  мерекелік іс-шара өттіХуэйцзу немесе дүнген халқы 140 жыл бұрын қазақ жерінен жаңа қоныс тапты. Тарихқа сүйенсек, дүнгендердің қазақ жеріне алғаш қоныс аударуы ХIХ ғ. 70-ж. соңы мен 80-ж. басынан Цин императорлық династиясының дүнгендерге қысым көрсетуінен бастау алады. Дүнгендер өздерімен бірге Жетісуға жасанды жолмен суландырылатын егіншіліктің әлдеқашан қалыптасқан дәстүрлерін әкелді.

Бүгінгі күні елімізде 72 мыңнан аса дүнген тұрады. Жамбыл облысында – 58560, Алматы қаласында – 10340, қалған өңірлерде аз.

 «Қазақстан дүнгендері: мәдениеті мен дәстүрлері»  мерекелік іс-шара өтті«Дүнген этносының өкілдері Қазақстан халқы Ассамблеясында        (8 ҚХА мүшесі), ҚР Парламенті Мәжілісінде (Хахазов Шакир Хусанович), әкімдіктерде, білім, ғылым және денсаулық сақтау ұйымдарында кеңінен танылғандығын» атап өткен Жансейіт Түймебаев, қызықты мәліметтерге толы баяндама барысында Қазақстандағы мақтан тұтар дүнгендер жайлы, өткен жүзжылдықта танымал болған дүнгендердің бірі – мемлекет қайраткері  Мағазы Масанчи жайлы да айтып өтті.

Бүгінде Қазақстанда, бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатқан 100-ден астам ұлттың әрқайсысының құқықтары мен мүмкіндіктері бірдей және олар өз ұлтының мәдениетін сақтап, дамытып қана қоймай, жалпыұлттық бірлік пен ұлтаралық келісімді нығайтуды көздейді. Дүнген халқының салт-дәстүрі мен өнері бір ғасырдан астам уақыт бойы көпұлтты Қазақстан мәдениетінің өрнегін толықтыруда.

 «Қазақстан дүнгендері: мәдениеті мен дәстүрлері»  мерекелік іс-шара өтті«Қазақстандағы алғашқы дүнген этномәдени бірлестіктері 30 жыл бұрын құрылып, қазіргі уақытта олар еліміздің мәдени және саяси өмірін жақсартуға белсенді атсалысып келеді. Бұл орайда, «Қазақстанның дүнгендер қоғамы» республикалық этномәдени бірлестігінің рөлі ерекше. Дүнгендер қоғамы жанында «Чунтян» («Көктем») фольклорлық ансамблі, «Гунян Теву» («биші қыздар») би тобы және жастар қанаты жұмыс жасайды. Қауымдастық қолдауымен Жамбыл облысында Қазақстандағы дүнгендер тарихының мұражайлары, Масанчи ауылында 140 жыл бұрын Қазақстан Республикасы аумағында дүнгендерді жылы қабылдаған Қазақ халқына алғыс ескерткіші ашылды. Бүгінгі күні қауымдастық көптеген қызықты шаралар ұйымдастырып, Дүнгендер мәдениетінің күндерін өткізеді. Өздерінің Қазақстанда өмір сүруінің 140-жылдығын да өте жоғары деңгейде атап өтті», – деген Жансейіт Түймебаев аталған шараға қатысушылар арасынан танымал дүнген өкілдерін көрген қуанышын жасырмады.

Мерекелік іс-шара аясында «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» суреттер көрмесі, Қазақстан дүнгендерінің ұлттық қолданбалы өнерінің көрмесі, «Шеберлер қаласында» ұлттық тағамдар жасаудан, кесте тігуден және шашты сәндеу үлгілерінен шеберлік сыныптары және дүнген шығармашылық ұжымдарының концерті ұйымдастырылды.

Шараның мақсаты – «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыра отырып, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту; қазақстандық этнос өкілдерінің мәдениетін насихаттап, азаматтық біртектілік қалыптастыру;  Қазақстандық бауырлас халықтар арасында әріптестік байланыс орнатып, достық қарым-қатынастарды арттыру.

Редакция таңдауы

Димаш Құдайберген сүйіктісі бар-жоғын айтты

Әлемге әйгілі әнші Димаштың жеке өмірі қызықты әрі құпия. Әншінің миллиондаған тыңдарманына «оның жүрегін жаулап алған кім ?» деген сұрақ қызықты, алайда әнші өз...

Генерал Б. Жанасаев: Елбасының сенімінен асқан жауапкершілік жоқ

Құқықтық тәртіп әскерінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сенім артқан сардарлар аз емес. Олардың әр қайсысының өз орны бар. Десе де, өмірлік тәжірибесі бай, Елбасының сенімін...

Көреалмаушылықтың көрігін басу кімге керек?

Қай қоғамда болса да жиі айтылатын, жиі талқыға түсетін нәрсенің бірі − көреалмаушылық, яғни қызғаныш. Содан болар, өмірінде қызғаныштың құрбаны болғанын, көреалмаушылықтың кесірінен көп...

Ұлы көштің ұйытқысы

1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. Ел тарихы үшін елеулі күн болғандықтан, Тәуелсіз мемлекетіміздің буынын бекітіп, қанатын қатайтқан Елбасының ерен еңбегін екшеп айтуымыз...

«Итаяғың болар еді алтыннан, иттің тісі батпағанда желкеңнен» Сабыр Адай Жаңаөзенді жырлады

Төмендегі видеода ақын Сабыр Адай және Светқали Нұржан өлең оқиды. Жаңаөзен қаласы,...

Әлемде қанша адам құлдықта жүр?

Адамды еркінен айырып, құлдықта ұстау – әлемдегі еі ауыр қылмыстардың бірі. Оны...
ПУТИН

Путин Қазақстанда өтетін парламент сайлауы туралы ойын айтты

Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстанда өтетін парламент сайлауы турлалы мәлімдеді, деп хабарлайды. Путин...
Хабиб

Хабиб Қазақстанда турнир өткізеді

Мәскеуде өтіп жатқан баспасөз мәслихатында Хабиб Нұрмағомедов Қазақстанда турнир өткізетінін айтып өтті,...

Өзбекстан азаматы шекарада есірткімен ұсталды

Polisia.kz хабарлауынша, Түркістан облысында «Жібек жолы» шекара бекетінде есірткі алып алып бара...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...