Алматы: «Алтын Орда» маңындағы он жолақты жол қашан ашылады?

Сондай-ақ!

Алматының аруы – Асият (фото)

 «Алматы аруы – 2020» байқауының жеңімпазы болып 20 жастағы  Асият Исембаева танылды. Асиятпен қатар сұлулар сынына қатысқан тағы 3 ару 2021 жылы өтетін «Қазақстан...

Адамдарды вакцина арқылы чиптеу мүмкін бе – сарапшы пікірі

Коронавирусқа қарсы ресейлік «Спутник V» вакцинасының құрамында халықты чиптеуге арналған құрамдас бөліктер жоқ. Бұл туралы Сеченов университеті Трансляциялық медицина және биотехнология институтының директоры Вадим...

Ертең Түркістанда Hazret Sultan Airport әуежайы ашылады

1 желтоқсанда Түркістандағы Hazret Sultan Airport халықаралық əуежайында алғашқы рейс ашылады, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ресми сайты. Ашық аспан режимінде жұмысын бастап,...

Қазақстандық бодибилдер қуыршаққа үйленіп, той жасады (видео)

Қазақстандық бодибилдер Юрий Толочко қуыршаққа үйленіп, дүркіретіп той жасады. 2019 жылдан бері Марго есімді қуыршаққа деген махаббатымен танылған астаналық бодибилдер оны жары етуді бұрыннан армандап...

«Алтын Орда» базары маңындағы он жолақты автожол салу жұмыстары 2020 жылдың соңына қарай аяқталады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне «Қазавтожол»АҚ өкілдері хабарлады.

Ұйымның хабарлауынша, жұмыстар келісімшартта көрсетілген кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр. Құжатта құрылыстың аяқталу мерзімі 2020 жылдың соңына белгіленген.

«Он жолақты жол келесі жылдың соңына дейін дайын болады. Ескі жолға біз әлі тиіскен жоқпыз. Ал жаңа жоба бойынша кеңейту қажет жерде біз кеңейтеміз. Бір бөлікті учаскенің басынан бастап Ақсай көпіріне дейін жасаған. Әрі қарай «Асыл Арман» ТК-ға дейін кеңейтеміз», – деді «Қазавтожол «ҰК» АҚ Алматы ҚФ Директорының орынбасары Нұрхат Ақылтаев.

Ол «Алтын Ордада» жол айрығының жағдайы туралы да айтып берді. Құрылыс орнында екі жекеменшік жанар-жағармай құю станциясы бар.

«Жанар-жағар май станциялары әлі күнге дейін сатып алынған жоқ. Жарты жылға жуық сот жүріп жатыр. Олар баға бойынша келісе алмай отыр. Сот Қарасай ауданының әкімдігі мен жеке кәсіпкер арасында жүріп жатыр», – деді Нұрхан Ақылтаев.

Оның айтуынша, мердігерлер қыста жұмыстарды тоқтатпайды. Құрылыс негізгі эстакада мен жаяу жүргіншілер өткелінде жалғасады. Бүгінде 50 адам жұмысқа тартылған.

«Бүгінгі таңда «таға» үлгісіндегі бұрылу эстакадасы бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр. 12-ден төрт аралық бойынша аралық құрылыс қабылданды. Сондай-ақ, автомобиль жолында жұмыстар жүріп жатыр, бүгінде асфальт төселіп жатыр», – деді ол.

Ол сондай-ақ дайын жерүсті өткелдері туралы айтты.

«Бірінші жерүсті жаяу жүргіншілер жолы бойынша «Жеті құрдас» сауда базары орналасқан учаскеде тіреуішіміз дайын, аралық құрылыстың металл конструкциясы да 100 пайызға дайын. Тіректер дайын, металл құрылымдарынан жасалған аралық құрылыстар 70 пайызға дайын. Үшінші жерүсті жаяу жүргіншілер жолының тірегі де дайын», – деді Нұрхат Ақылтаев.

Жол – Алматы-Бішкек трассасының бір бөлігі. Жұмыс 786 шақырымнан 790 шақырымға дейін жүріп жатыр. Бұған дейін «Алтын Орда» маңындағы он жолақты жолды 2019 жылдың күзіне дейін тапсыру жоспарланғаны хабарланған еді.

Жобада қоғамдық, жергілікті және транзиттік көлік үшін жолды он жолаққа дейін (екі бағыттағы бес жолақтан) кеңейту, эстакадамен бұрылу айналма жолы «таға» типі бойынша бұрылу эстакадасы және жерүсті жаяу жүргіншілер өткелдері салынады деп қарастырылған.

Редакция таңдауы

Димаш Құдайберген сүйіктісі бар-жоғын айтты

Әлемге әйгілі әнші Димаштың жеке өмірі қызықты әрі құпия. Әншінің миллиондаған тыңдарманына «оның жүрегін жаулап алған кім ?» деген сұрақ қызықты, алайда әнші өз...

Генерал Б. Жанасаев: Елбасының сенімінен асқан жауапкершілік жоқ

Құқықтық тәртіп әскерінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сенім артқан сардарлар аз емес. Олардың әр қайсысының өз орны бар. Десе де, өмірлік тәжірибесі бай, Елбасының сенімін...

Көреалмаушылықтың көрігін басу кімге керек?

Қай қоғамда болса да жиі айтылатын, жиі талқыға түсетін нәрсенің бірі − көреалмаушылық, яғни қызғаныш. Содан болар, өмірінде қызғаныштың құрбаны болғанын, көреалмаушылықтың кесірінен көп...

Ұлы көштің ұйытқысы

1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. Ел тарихы үшін елеулі күн болғандықтан, Тәуелсіз мемлекетіміздің буынын бекітіп, қанатын қатайтқан Елбасының ерен еңбегін екшеп айтуымыз...
қазақ мәдени орталғы

Украинада қазақ мәдени орталғы ашылды

Украинада «Abai Uii» қазақ мәдени-іскерлік үйі ашылды, деп хабарлайды «Отандастар қоры» баспасөз...

Алматының аруы – Асият (фото)

 «Алматы аруы – 2020» байқауының жеңімпазы болып 20 жастағы  Асият Исембаева танылды....

Адамдарды вакцина арқылы чиптеу мүмкін бе – сарапшы пікірі

Коронавирусқа қарсы ресейлік «Спутник V» вакцинасының құрамында халықты чиптеуге арналған құрамдас бөліктер...

Маңғыстауда 3 күн теңізде болған жұмысшылар құтқарылды

Маңғыстау облысында 3 күн теңізде болған 7 жұмысшы құтқарылды. Басылымның мәліметінше, жеке...

Ертең Түркістанда Hazret Sultan Airport әуежайы ашылады

1 желтоқсанда Түркістандағы Hazret Sultan Airport халықаралық əуежайында алғашқы рейс ашылады, деп...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...