Сыртқы саясат сардары – Ержан Қазыханов

Сондай-ақ!

Қандас (Оралман) мәртебесін беру немесе ұзартудың оңай жолдары

Бұрынғы «оралман куәлгі» заң жүзінде атауы әлі өзгерген жоқ. Алайда Қоші-қон заңына өзгертулер мен толтқырулар еңізілген соң, бұл мәртебенің атауы өзгертілетіні айтылған. Қазір қандас мәртебесін...

Петропавл көшесінде автобус өртенді

Петропавлда бағыттық автобус өртенді, зардап шеккендер жоқ. Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «101» қызметіне Болатбаев пен Шухов көшелерінің қиылысында автобустың...

Қазақстан COVID-пен қарыз алып күреседі

Мәжіліс отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев екі банктен қарыз алу туралы келісімді ратификациялау заң жобасын таныстырды. Қарыз 2021 жылға арналған бюджет тапшылығын толтыруға бағытталады....

Қазақстандағы газ көлемі қанша?

Газ ресурстары елдің ішкі қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін жеткілікті. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев мәлімдеді.  «Ең алдымен газ ресурстары елдің...

Өмірін сыртқы істер саласына арнаған білікті дип­ломат Ержан Қазыханов 1964 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Айта кететін жайт, Ержан Хозеұлы ғалым, Қазақ­стан­ның теориялық және қолданбалы меха­ни­ка­сы­ның дамуына айтарлықтай үлес қосқан Хозе Рақым­хан­ұлының ұлы.

«Әке көрген оқ жонар» демекші Ержан Қазыханов 1987 жылы Ленинград мемлекеттік университетінің Шығыстану фа­культетін тарихшы-шығыс­та­нушы мамандығы бойынша тәмамдаған. Әкесі Хозе Қа­зы­ханов та 1960 жылы Ленинград инженерлік-құрылыс инс­­титутының механика факультетін бітіріп, содан кейін Алматы жол белгілері және жол көліктері зауытында өне­гелі өмір жолын бастаған еді.

Алғашқы еңбек жолын Қазақ КСР Сыртқы істер ми­нис­трлігінің хаттамалық-сая­сат бөлімінде екінші, кейіннен бірінші хатшы болып бастаған Ержан Қазыханов 1992 жылдан 1995 жылға дейін Қазақ­стан Республикасының Мем­ле­кет­тік протокол басқар­ма­сының бөлім бастығы, бас­қарма бастығының орын­ба­сары лауазымдарын атқа­ра­ды. Ал 1995 жылдан 2000 жылға дейін Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы ҚР тұрақты өкіл­ді­гінің бірінші хатшысы әрі кеңесшісі болып қызмет етті. Дәл осы кезде ол БҰҰ Бас хат­шылығы ауысып жатқан өт­пе­лі кезеңдердің куәсі болады. Бұл аталмыш ұйымды төрт жыл басқарған тегі копт, өзі египеттік Бутрос-Гали қыз­ме­тінен кетіп, оның орнына га­налық дипломат Кофи Аннан келген тұс болатын. Бәлкім, Ержан Хозеұлының БҰҰ-дағы қызметі оның шығыстану ма­ман­дығын алып, әлемдік деңгейдегі ұйымды араб әрі африкалық дипломаттардың басқару кезеңімен тұспа-тұс келуі тағдырдың дайындаған тосын сыйы болар…

Дегенмен, ол 2002 жылы елге қайта оралып, Қазақстан Респуб­ли­касының Сыртқы істер министрлігі көпжақты ынты­мақтастық де­пар­тамен­ті­нің басшысы болып еңбек етті.

2003 жылы Біріккен Ұлт­тар ұйымындағы ҚР Тұрақты Өкілі ретіндегі миссиясын қай­тадан жалғап, сонымен қа­тар Қазақ­стан­ның Кубадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қатар атқарады.

2007 жылы елге қайтып, бір жыл уақыт аралығында ҚР Сырт­қы істер министрінің орынбасары болады. 2008 жылдың ақ­па­нынан желтоқ­са­нына дейін ҚР Пре­зи­дентінің көмекшісі болып қызмет етті.

2009 жылдан елшілік қыз­метін әрі қарай жалғап, 2011 жылға дейін Қазақ­станның Австриядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, сондай-ақ Қа­зақ­станның Венадағы Халық­аралық ұйымдар жанындағы Тұрақты Өкілі атанады. 2010 жылы Қазақстан ЕҚЫҰ ұйымына Төрағалық етіп, саммитті абыроймен өткізді. Осы орайда, 1975 жылы Хельсинкиде іргесі қаланған ұйымның штаб-пәтері Венада орна­лас­қанын айта кеткен жөн.

2011 жылдан 2014 жылға дейін Қазақстан Респуб­ли­ка­сының Сыртқы істер министрі лауазымына тағайындалады. Бұған дейін сыртқы саясат са­ласында қаншама құры­лым­дарда қызмет еткен Ержан Қазыханов Сыртқы істер минис­трі ретінде табысты қыз­мет етіп, 2014 жылы миссиясын сәтті аяқтап, Қазақ­стан­ның Ұлыбри­та­ниядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауа­зымына тағайындалып, қайтадан елшілік қызметін жалғайды. Қазақстан экономикасында инвестиция көлемі жағынан бесінші орында тұрған «Тұманды Альбион» елінде Елшілік ету қан­ша­лық­ты жауапкершілік жүктейтінін және қандай тұлғалар Лон­донға маңызды миссиямен ат­та­натынын осыдан-ақ ба­ғам­дай беруге болатын шығар, сірә.

2017 жылы Ержан Қазы­ханов тағы да қызмет ауыстырып, Қазақстанның АҚШ-тағы Төтенше және Өкілетті Елшісі атанады. ЭКСПО секілді ма­ңыз­ды шараны өткізіп жатқан Қазақстан үшін бұл кез аса маңызды кезеңдер болатын. АҚШ-пен әріптестік жаңа дең­гейге көтеріліп, 2018 жылдың ба­сында Елбасы Н.Ә.Назарбаев Вашингтонға ресми сапармен барды. Сыртқы саясатқа қы­зы­ғушылық танытқан оқырман әлеуметтік желілерде қызу тал­қыланған Н.Назарбаев пен Д.Трамптың қол алысу сәтін қайта қараса болады. Осындай тарихи сәттерге кәсіби дипломат Е.Қазы­хан­овтың куә болғаны сөзсіз.

Ержан Хозеұлы Қазыханов сыртқы саясат пен дипломатия саласында ұзақ жылдар қызмет еткен білгір маман. Еңбек жолын бағамдап отыр­сақ, тек сыртқы саясат саласында еңбек етіп, оның жай-жапсарын толық меңгерген. Сондай-ақ Ержан Қазыханов тарих ғылымдарының кандидаты. БҰҰ қызметі және көпжақты мәмілегерлік турасында қазақстандық және шетелдік басылымдарда бірқатар мақалалар мен жария­ла­ным­дардың авторы. Ағылшын және араб тілдерін еркін мең­герген. Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық дә­ре­жесіне ие.

Ержан Қазыханов  2005 жы­лы «Ерен еңбегі үшін» медалімен, 2001 жылы «Қазақ­стан Республикасының Тәуел­сіз­дігіне 10 жыл» медалімен, «Ас­тананың 10 жылдығына» ме­рей­тойлық медальдарімен және т.б құрмет белгісі саналатын медальдармен марапат­талған.

Олжас БЕРКІНБАЕВ,

саяси ғылымдар  магистрі

Редакция таңдауы

Сапарғали Бегалин − жас ұрпақтың сүйікті жазушысы

ХХ ғасырдың басында дүниеге келіп қилы кезеңдерді бастан кешкен, солай болса да бар өмірін сөз өнеріне арнап өткен Сапарғали Ысқақұлы Бегалин әдебиеттің көптеген жанрларында...

Қазақ каскадері «Таурус» сыйлығын алды

Nomad Stunts каскадерлар тобының негізін қалаушы, каскадер, актер Жайдарбек Күнғожинов Әлемдік каскадерлар академиясының (АҚШ) «Таурус» премиясын жеңіп алды. Жайдарбек Күнғожинов каскадерлар арасында «Оскар» сыйлығына теңелетін...

Біреуге ақыл, біреуге ақша керек

Қазір мобильді құрылғылар мен әлеуметтік желі өміріміздің ажырамас бір бөлігіне айналды. Биыл әлемде 4,5 млрд адам интернетке жүгінген. Қазіргі таңда жер бетіндегі халықтың жартысынан...

Арғынбек Шегебай: Facebook қызметкерлері Цукербергке сын айта алады

2004 жылы Гарвард университетінің бір топ студенттері ойлап тапқан Facebook желісін бүгінде күн сайын дүниежүзі бойынша екі миллиард жеті жүз миллионға жуық қолданушы пайдаланады....

«Қаны сорғалап тұрды»: Елордадағы жарылыс куәгерлері оқиғаның мән-жайын айтып берді

Нұр-Сұлтан қаласындағы дәмхана жарылысына сол маңда орналасқан гүл дүкенінде жұмыс істейтін адамдар...
Қандас (Оралман) мәртебесін беру немесе ұзарту

Қандас (Оралман) мәртебесін беру немесе ұзартудың оңай жолдары

Бұрынғы «оралман куәлгі» заң жүзінде атауы әлі өзгерген жоқ. Алайда Қоші-қон заңына...

Петропавл көшесінде автобус өртенді

Петропавлда бағыттық автобус өртенді, зардап шеккендер жоқ. Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар...

«Бұзықтығы үшін жаза»: Тәрбиеші балабақшадағы балаларды дәретхана жууға мәжбүрлеген

Ресейдің Томск қаласының прокуратурасы жергілікті балабақшалардың бірінде балаларды еден мен дәретхана жууға...

Қазақстан COVID-пен қарыз алып күреседі

Мәжіліс отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев екі банктен қарыз алу туралы келісімді...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...