Жаңа ғасырдағы наным-сенім мәселесі

Сондай-ақ!

Қазақстандық пияздың 75 пайызы Жамбыл облысында өсіріледі

Ағымдағы жылдың 10 айында Жамбыл облысының шаруалары 332,6 миллиард теңгенің өнімін өндірді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев мәлімдеді. –...

Ел экономикасын тәуелсіздікке жетелеген реформа

Қазақстан экономикалық тәуелсіздігін 1993 жылы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық валютаны айналымға енгізу туралы Жарлық шығарғаннан кейін алды. Бұл туралы  Қазақстан Президентінің телерадиокешені дайындаған «Назарбаев факторы» атты...

Елбасының Нью-Йорктегі лекциясы: Қазақстан АҚШ элитасының назарын қалай жаулады?

Елбасы өзінің көптеген ең ірі жаһандық бастамаларын шетелдік беделді ЖОО-лардағы лекциясы кезінде жариялаған екен. Бұл мақсатқа неге дәрістер таңдалды? Қазақстанның Тұңғыш Президентінің идеялары неге батысты дүрліктірді? Н.Назарбаевты...

Дәрігер коронавирус жұқтырған науқастар үшін ең қауіпті күнді атады

Әдетте коронавирусқа шалдыққан науқастар алғашқы аптада індетті жеңіл немесе орташа жағдайда өткереді. Ал аурудың асқынуы, нақтырақ айтқанда Цитокин дауылы 9-10-күні басталады. Бұл туралы lb.ua-ға...

Елбасының рухани жаңғыру идеясы бүгінгі уақыт талабынан туындап отырған мәселе. Уақыт бір орында тұрмайды. Қазақ даналығында «Елу жылда ел жаңа» деген қанатты сөз бар. Бүгінгі уақыттың өзгешелігі адамзаттық өркениеттің тегершігі тез жүріп келеді. Осындай шақта мемлекет пен жеке адамды, тарих пен ұрпақты біріктіріп отыратын ұлттық сана, ұлттық идея және ұлттық идеология механизмі қажет. Көп жылдар бойы қазақ халқының қатпарлы тарихы отарлаушылардың ыңғайына қарай жазылып, оқытылып келгені рас. Сол арқылы ұрпақтың тарихи санасы қалыптасты.

Ресей патшалығы қазақ даласын отарлау саясатының алдыңғы шебіне миссионерлерді тағайындады. Сөй­тіп ХІХ ғасырда миссионерлер ұлттық та­рих, әдебиет, мәдениет пен дүние­танымымызды, дініміз бен тіліміздің табиғи қалыбын тас-талқан етті. Сол бұрма таным-түсінікке негізделген жа­сан­дылыққа біз әлі күнге дейін қалтқысыз арқа сүйеп, сілтеме жасап келеміз. Отандық ғылыми айналымдағы жат­жұрт­тық өкілдерінің ғылыми-тарихи ең­бек­тері мен ой-пікірлерін ұлттық пайым-көзқарас тұрғысында зерделеу жағына басымдық беруді «Рухани жаңғырудың» талабы ретінде түйсінуіміз керек.

Ұлттық сананың қалыптасу негізінде ұлттық тәжірибеден бөлек, діни құн­ды­лық та бар. Өкінішке қарай, радикалдық діни идеология біздің ұлттық және тарихи болмысымызға сын-қатер алып келуде. Кейбір діни ағымдар біздің мәде­ние­тімізге, тарихымызға өзімізді қарсы қой­ғысы келіп, ұлттық кодымызға шабуыл жасауда. Ғұлама жазушы Мұхтар Әуезов 1918 жылы «Абай» журналында жария­ла­ған бір мақаласында: «Қазақты жуырда жетілдірмейтін тағы бір себеп діни фанатизм, ескі ғұрып-ғадат. Ескі молдамен алы­сып, елді адастырған қатасын жой­ғанша, тіршілік жұмысының барлығын дін­ге байлағанын қойғызғанша, жаңа оқу ха­рам, жаңа мұғалім кәпір дегенін тоқ­тат­қан­ша, талай заман өтер. Ақыл мен адам­шылық сыйғызбайтын надан ата­ның ескі ғұрып-ғадатын жоғалту да оңай емес. Бұлар күшті тұрғанда мә­де­ниет кірмейді», – деп қоғамды жетілдірмейтін мәселені меңзеген еді.

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылғандай «Біз жат идео­ло­гиялардың әсері туралы айтқанда, олар­дың артында басқа халықтардың белгілі бір құндылығы мен символы тұрғанын есте ұстауымыз керек. Тиісінше, оларға өзіміздің ұлттық құнды­лық­тарымыз арқылы ғана төтеп бере аламыз» – деп жастар арасында идеологиялық, рухани-тәрбиелік жұмыстар ұлттық мүддеге сай тиімді жүргізілуі керектігін қадап айтты.

«Рухани жаңғыру» бағдарламалық үндеуіне үлес қосу мақсатында, Жамбыл облысы әкімдігі дін істері басқармасы «Туған жер» бағдарламасы аясында 2018-2020 жылдарға арналған «ХХІ ғасырдағы Қазақстандағы дін» атты кіші жобасы әзірленді. Аталған жоба дін саласындағы мемлекеттік саясатты дамыту бойынша жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының, діни бірлестіктер мен азаматтық қоғам институттарының кү­шін топтастыруға, Қазақстан халқының тарихи-мәдени мұрасының ерекшеліктеріне негізделген мемлекеттік-конфес­сиялық қатынастарды дамытудың бағыт-бағдарын тұжырымдауға, діни экстремизм мен терроризм көріністерінің алдын алуға арналған.

Кіші жобаның бастамасы ретінде М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде «ХХІ ғасырдағы Қазақ­стандағы дін» тақырыбындағы облыстық форум өтсе, екінші кезеңі 2018 жылдың 2 ширегімен 2020 жылдың 3 ширегі ара­лығында Тараз қаласы мен барлық аудандарда кезең-кезеңімен деструктивті діни ағымдар идеологиясының таралуын алдын алу кешенді шараларын өткізу. Сондай-ақ, 2020 жылдың қазан айында «ХХІ ғасырдағы Қазақстандағы дін» тақырыбында қорытынды конференция өткізілетін болады.

Қазақстан тағдыры үшін, өткен ата-бабалар мен болашақ ұрпақ алдында ең бағалы құндылығымыз – егемендігімізді сақтап, мұратымызға айналған «Мәңгілік ел» идеясы арқылы рухани жаңғыру құндылықтарын  жүзеге асыру жолында аянбай еңбек ету деп білейік.

Бақтияр Алпысбаев,

Дінтанушы

 

Редакция таңдауы

Димаш Құдайберген сүйіктісі бар-жоғын айтты

Әлемге әйгілі әнші Димаштың жеке өмірі қызықты әрі құпия. Әншінің миллиондаған тыңдарманына «оның жүрегін жаулап алған кім ?» деген сұрақ қызықты, алайда әнші өз...

Генерал Б. Жанасаев: Елбасының сенімінен асқан жауапкершілік жоқ

Құқықтық тәртіп әскерінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сенім артқан сардарлар аз емес. Олардың әр қайсысының өз орны бар. Десе де, өмірлік тәжірибесі бай, Елбасының сенімін...

Көреалмаушылықтың көрігін басу кімге керек?

Қай қоғамда болса да жиі айтылатын, жиі талқыға түсетін нәрсенің бірі − көреалмаушылық, яғни қызғаныш. Содан болар, өмірінде қызғаныштың құрбаны болғанын, көреалмаушылықтың кесірінен көп...

Ұлы көштің ұйытқысы

1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. Ел тарихы үшін елеулі күн болғандықтан, Тәуелсіз мемлекетіміздің буынын бекітіп, қанатын қатайтқан Елбасының ерен еңбегін екшеп айтуымыз...

Биыл 120 мың жамбылдық көгілдір отынға қол жеткізеді

Жамбыл облысында мемлекеттік бағдарламалар аясында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы қарқынды дамуда. Мәселен,...

Қазақстандық пияздың 75 пайызы Жамбыл облысында өсіріледі

Ағымдағы жылдың 10 айында Жамбыл облысының шаруалары 332,6 миллиард теңгенің өнімін өндірді....

Ел экономикасын тәуелсіздікке жетелеген реформа

Қазақстан экономикалық тәуелсіздігін 1993 жылы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық валютаны айналымға енгізу туралы Жарлық...

Елбасының Нью-Йорктегі лекциясы: Қазақстан АҚШ элитасының назарын қалай жаулады?

Елбасы өзінің көптеген ең ірі жаһандық бастамаларын шетелдік беделді ЖОО-лардағы лекциясы кезінде жариялаған екен. Бұл...

Дәрігер коронавирус жұқтырған науқастар үшін ең қауіпті күнді атады

Әдетте коронавирусқа шалдыққан науқастар алғашқы аптада індетті жеңіл немесе орташа жағдайда өткереді....

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...