Нұр-Сұлтанда республикалық жастар форумы өтті

Сондай-ақ!

Алматы коронавирус бойынша «жасыл аймаққа» кірді

Алматы коронавирус бойынша "жасыл аймаққа" оралды, бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау сайты хабарлады. Порталдың мәліметінше, "жасыл аймаққа" Маңғыстау, Жамбыл, Түркістан, Қарағанды, Алматы, Ақтөбе, Қызылорда, Батыс...

Адольф Гитлер сайлауда жеңіске жетті

Саясаткер Адольф Гитлер Уунона (Adolf Hitler Uunona) Оңтүстік Африканың Намибия елінде өткен аймақтық сайлауда жеңіске жетті, деп хабарлайды BBC агенттігі. Аталған сайлауда 85 пайыз дауыс жинаған...

KASE: доллар бағамы төмендеп жатыр

Қазақстанда доллар бағамы төмендеп жатыр, – деп хабарлайды KASE қор биржасы. Таңғы сессияның қорытындысы бойынша ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 2,42 теңгеге арзандап, 420,59 теңге...

Доллар екінші күн қатарынан құлдырады

Қазақстан қор биржасы (KASE) 11:00-дегі жағдай бойынша доллардың бағамы 2,42 теңгеге төмендеп, 420,59 теңгені құрады, деп хабарлайды zakon.kz. Естеріңізге сала кетейік, кеше доллар бағамы 2,61...

Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен Назарбаев Университетінде республикалық «Social Assembly» жастар форумы өтті. Креативті жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін талантты жастарға арналған алаң құруды мақсат еткен форумға еліміздің әр аймағынан 100-ге жуық жастар жиналды.

Олар аймақтағы Жастар жылының қорытындысы бойынша бейнероликтерін таныстырды, сондай-ақ, стартап-жобалары бар жастардың бизнес-идеялары сарапқа салынды.

Нұр-Сұлтанда республикалық жастар форумы өттіФорум жұмысына ҚХА мүшелері, мемлекеттік органдар мен мекемелердің өкілдері, «100 есім» жобасының жеңімпаздары мен жастар ұйымдары қатысты.

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаевпен кездескен жастар өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салды, сондай-ақ, ел дамуына жастардың қосар үлесі тақырыбында сұхбат құрды.

Жансейіт Қансейітұлы Ассамблеяның жастар қозғалысының Жастар жылы аясында атқарған жұмысына жоғары баға берді. Сондай-ақ, жастар таныстыруға ұсынған әлеуметтік жобалардың іске асырылатынына сенім білдірді. «Алдағы уақытта да жас көшбасшылардың әлеуетін дамытып, жаңа идеялар мен ұсыныстарды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жағдай қалыптастыратын боламыз. 2019 жыл Қазақстан үшін ерекше жыл болды. Біз Тәуелсіздік жылдары ішінде алғаш рет Жастар жылын өткізіп, ауқымды істерге серпін бердік», – деді Жансейіт Түймебаев.

Қазақстан халқы Ассамблеясы жастардың креативті жобаларын жүзеге асыру алаңына айналуды көздейді. Форум аясында жастар жобалық менеджмент, нетворкинг бойынша дәрістер тыңдап, «Жастар жылы-Даңғыл жол» онлайн конкурсының нәтижесі жария етілді. Сондай-ақ, жас мемлекетшілдер әлеуметтік мәселелерді шешу бойынша өздерінің ұсыныстарын да айтты.

Нұр-Сұлтанда республикалық жастар форумы өттіАталған жиынға стартап жобалардың жүзеге асырылуына менторлық колдау көрсету, инвестиция тарту мақсатында кәсіпкерлер де қатысты. Нәтижесінде, таңдалып алынған бизнес және әлеуметтік жобалар шақырылған спикерлер мен менторлардың талқылауына ұсынылды. Ең озық шыққандары «Үздік әлеуметтік жоба», «Үздік бизнес-идея», «Үздік ІТ жоба», «Үздік медиа жоба» номинациялары бойынша марапатқа ұсынылды. Сондай-ақ, жастар өкілдерінің интерактивті тренингтер арқылы бақ сынасуына, тәжірибе алмасуына мүмкіндік берілді.

Форум аясында «Innovation Day», «Startup алаңы» көрмелері ұйымдастырылды. Аймақтардан келген жастар өз жобаларын таныстыру мүмкіндігіне ие болды. ҚХА жастар қанаты аймақтық штабтарының көшбасшылары жастардың ел дамуындағы алатын орны мен қызметі тақырыбында өз ойларын ортаға салып, өңірлерде жүргізіліп жатқан жұмыстар бойынша есеп берді.

Форумда жастар бәсекеге қабілеттілік тақырыбының төңірегінде де пікір таластырды. Әсіресе, ауылдың мемлекет тірегі екендігіне басымдық берген жас мемлекетшілдер ауылдағы талантты жастардың өз идеяларын жүзеге асыруына қолдау көрсету керек деді. Жастарға әсіресе, қазақстандықтардың үлкен қызығушылығын тудырған «100 есім» жобасының жеңімпаздарымен кездесу үлкен шабыт сыйлады. Олар халықтың ішінен суырылып шыққан үздіктермен бүкпесіз сұхбаттасу арқылы, табыстылық пен танымалдылыққа жетудің жолын анық ұғынғандай болды. Жастармен кездесуге саясаттанушылар мен қоғам қайраткерлері ғана емес, сондай-ақ спорттық додалардан қанжығасы құр қайтпаған жеңімпаздар мен өнердің шыңын бағындырған дарынды өнерпаздар да келген болатын.

Сондай-ақ, форум қатысушылары үшін Назарбаев Университетіне экскурсия ұйымдастырылып, «Абай әлемі» бұрышы таныстырылды.

Жиын соңында форум жұмысына қатысушылар келесі жылдың Еріктілер жылы деп жариялануына байланысты өз ұсыныстарын білдірді.

Редакция таңдауы

Қандасымыз мемлекеттік сыйлық иегері атанды

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Математика және математикалық модельдеу институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас ғылыми қызметкері, Қазақстан Республикасы  Ұлттық   ғылым   академиясының ...

Дерт дендеп тұрса да, думан-тойға миллиондап шашпақ

Коронавирус әлемге кесірін тигізудей-ақ тигізді. Жо­ғалт­­қанымыз көп. Алайда тапқа­ны­мыз да аз емес: денсаулық­тың қадірін, жақынымыз­дың баға­сын, қолда бардың құнын білдік. Көрпемізге қарап көсілуді үйрендік,...

Ауа газға, су зәрге айналса…

Жер басып жүрген пенде үшін негізгі тіршілік тірегі − ауа мен су, сондықтан оны таза сақтау адамзаттың ең бірінші міндеті екені ес білгелі құлағымызға...

Партиялар «парады»

2021 жылғы 10 қаңтарда қазақстандықтар Мәжіліс депутаттарын сайлайды. Соңғы 17 жылда алғаш рет өз уақытында өткелі отырған бұл саяси додадан сайлаушылардың  күтері көп. Ең...

Елордада екінші ауысымның оқушылары мектепке бармайды

Елордада екінші ауысымның кезекші тобындағы 0-5 сынып оқушылары мектепке бармайды. «Білім басқармасының шешімімен,...
жасыл аймақ

Алматы коронавирус бойынша «жасыл аймаққа» кірді

Алматы коронавирус бойынша "жасыл аймаққа" оралды, бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау сайты...

Адольф Гитлер сайлауда жеңіске жетті

Саясаткер Адольф Гитлер Уунона (Adolf Hitler Uunona) Оңтүстік Африканың Намибия елінде өткен аймақтық...

KASE: доллар бағамы төмендеп жатыр

Қазақстанда доллар бағамы төмендеп жатыр, – деп хабарлайды KASE қор биржасы. Таңғы сессияның...
доллар

Доллар екінші күн қатарынан құлдырады

Қазақстан қор биржасы (KASE) 11:00-дегі жағдай бойынша доллардың бағамы 2,42 теңгеге төмендеп,...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...