Тіл жанашырлары бас қосты

Сондай-ақ!

«Бұларың Отан үшін қауіпті!». Балғынбек Имаш әнші Қарақат пен Алтынайды сынға алды

Айтыскер ақын Балғынбек Имаш Түркиядан үй сатып алғанын желіде жариялап, жарнама жасаған Алтынай Жорабаева мен Қарақат Әбілдинаны сынады. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды. «Мен үшін...

Қазақ хандығы дәуірінің ұлы жырауына лайықты құрмет көрсеттік пе…

Мемлекетті мемлекет ететін идеология болса, бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның талассыз негізі 15-ғасырда құрылған Қазақ хандығының идеологиясын жүргізген тұлғалардың негізгілері − ақындар. Соның бірегейі − Қазтуған...

Ұлылар естен шықпауы тиіс еді…

  Әр жылдың өзінің ерекшелігі бар, соның ішінде атақты адамдардың мерейтойларының тойлануы да өз алдына бір қызық. Өйткені көп жағдайда осындай мерейтойлар тұсында ұлы тұлғалар...

Отандық PR жөнінде онлайн декада

23-27 қараша аралығында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Журналистика және саясаттану факультеті Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының ұйымдастыруымен PR декада апталығы өтті. Декада...
«Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің қатысуымен «Nur Otan» партиясы жанындағы «Мирас» республикалық қоғамдық кеңесінің «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011–2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» орындалуын талқылауға арналған отырысы өтті. Жиынға билеуші партия басшылығы, жауапты мемлекеттік органдар және шығармашылық пен ғылым өкілдерінен құралған зиялы қауым қатысты.
Кеңесте «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мемлекеттік тілді, мәдениет пен дәстүрді дамыту «Nur Otan» партиясының стратегиялық басымдықтарының бірі екенін атап өтті.
«Елбасы саясатының арқасында ана тілімізді сақтап қана қоймай, оны Қазақстанда ғылым мен білім саласының негізгі тіліне айналдыру үшін барлық жағдай жасалды. Еліміздің басты заңы – Конституцияда нақты мемлекеттік тіл – қазақ тілі деп бекітілді. Тілдер туралы заң қабылданып, мемлекеттік тілдің қолданылу талаптары басқа да салалық заңдарда айшықталды. Бүгінде мектептердің 70% қазақ тілінде білім береді. Мемлекеттік тілде оқитын студенттердің үлесі – 64,5% құрайды. Елбасы бастамасымен, әлемдегі үздік оқулықтар мен кітаптарды шетел тілдерінен тікелей қазақ тіліне аудару жұмыстары іске асырылуда, қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру қолға алынды. Қазақ тілінің қолдану аясы бұрынғымен салыстырғанда айтарлықтай кеңейді», – деді Бауыржан Байбек.
Тіл жанашырлары бас қосты
Сонымен қатар, ол Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында халық санағы бойынша ұлтымыздың үлес салмағы 39%-ды құрағанын, ал мектептердің бар-жоғы 30%-ы қазақ тілінде білім бергенін тілге тиек етті. Бүгінде демографиялық проблема шешімін тауып, ел халқының саны 18 миллионнан асса, оның 70%-ға жуығын қазақ ұлты құрап отыр. Осы жылдар ішінде кезінде шетелге кетуге мәжбүр болған 1 миллионнан астам қазақ елге оралған.
Мәжіліс барысында «Мирас» республикалық қоғамдық кеңесінің мүшелері мемлекеттік тілге қатысты өз пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды. Белгілі блогер Яков Федоров мемлекеттік қызметке қабылданатын әрбір азаматтың мемлекеттілік тілді білуі тиіс екендігін, сондықтан осы талапты ескеретін тетіктерді әзірлеу қажеттігін алға тартса, ҚР Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп БАҚ-тағы қазақ тіліндегі контенттің үлесіне тоқталып, олардың саны мен сапасын арттыруды ұсынды.
Астана қаласындағы Түрік этномәдени орталығының төрағасы Әскер Пириев интернетте қазақ тілді ақпараттық өнімнің әлі де жеткілікті емес екендігін айтып, оны арттыру үшін мемлекет есебінен шығарылған кез келген медиаөнім интернет желіге тегін жарияланса деген ойымен бөлісті. Осы ойды қуаттаған қоғам қайраткері, тіл жанашыры Оразкүл Асанғазы қазақ тіліндегі іс қағаздарының, көрнекі ақпараттардың сапасына тексеру жүргізу, бұған барша ынталы жандар мен жастарды, еріктілерді жұмылдыру, жұртшылыққа арналған сапалы, өнегелі контентті көбейту, әсіресе балаларға арналған мультфильмдер шығаруға қаражат қарастыру қажеттігін баса айтты.
«Егемен Қазақстан газеті» АҚ Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі қазақ тілінің шын мәнінде, әсіресе, түркі халықтарының арасында ұлтаралық тілге айналуға мүмкіншілігі бар екендігіне тоқталды. Мұны іске асырудың бір тетігі ретінде елімізде қазақ тілінде сөйлей алатын өзге ұлттардың арасында тілдік Олимипиада өткізуді және оның жеңімпаздарын университеттерге қабылдауға жеңілдіктер қарастыруды ұсынды.
Тіл жанашырлары бас қосты
 Кеңес мүшелерінің ұсыныстары тыңдалған соң, ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова «Қазақстан Республикасындағы Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысы бойынша есеп беріп, кеңес мүшелерінің сұрақтарына жауап берді. Ол отырыс барысында айтылған барлық ұсыныс-пікірлердің министрлік тарапынан назарға алынып, осы мәселелер бойынша арнайы жұмыс тобы құрылатынын, тілдерді дамытуға арналған жаңа бағдарламаны іске асыруда ескерілетінін мәлімдеді. Бұлардың барлығы да аяқсыз қалмай, «Мирас» қоғамдық кеңесінде қаралып, «Nur Otan» партиясымен бірлесе атқарылу арқылы нәтиже шығарылатынын тағы да нықтап айтты.
«Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында айтқандай, қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде ұлтаралық қатынас тіліне айналуы тиіс. Бұл үшін оны қолдануға деген сұраныс қалыптастыру керек. Осы бағыттағы жұмыстар нәтижелі болу үшін жүйелі талдауға жүгіну, халықаралық тәжірибені зерделеу, ресми орындар басшыларының жауапкершілігін арттыру қажет», – деп түйіндеді Бауыржан Байбек.

Редакция таңдауы

Димаш Құдайберген сүйіктісі бар-жоғын айтты

Әлемге әйгілі әнші Димаштың жеке өмірі қызықты әрі құпия. Әншінің миллиондаған тыңдарманына «оның жүрегін жаулап алған кім ?» деген сұрақ қызықты, алайда әнші өз...

Генерал Б. Жанасаев: Елбасының сенімінен асқан жауапкершілік жоқ

Құқықтық тәртіп әскерінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сенім артқан сардарлар аз емес. Олардың әр қайсысының өз орны бар. Десе де, өмірлік тәжірибесі бай, Елбасының сенімін...

Көреалмаушылықтың көрігін басу кімге керек?

Қай қоғамда болса да жиі айтылатын, жиі талқыға түсетін нәрсенің бірі − көреалмаушылық, яғни қызғаныш. Содан болар, өмірінде қызғаныштың құрбаны болғанын, көреалмаушылықтың кесірінен көп...

Ұлы көштің ұйытқысы

1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. Ел тарихы үшін елеулі күн болғандықтан, Тәуелсіз мемлекетіміздің буынын бекітіп, қанатын қатайтқан Елбасының ерен еңбегін екшеп айтуымыз...

Алматының аруы – Асият (фото)

 «Алматы аруы – 2020» байқауының жеңімпазы болып 20 жастағы  Асият Исембаева танылды....

Адамдарды вакцина арқылы чиптеу мүмкін бе – сарапшы пікірі

Коронавирусқа қарсы ресейлік «Спутник V» вакцинасының құрамында халықты чиптеуге арналған құрамдас бөліктер...

Маңғыстауда 3 күн теңізде болған жұмысшылар құтқарылды

Маңғыстау облысында 3 күн теңізде болған 7 жұмысшы құтқарылды. Басылымның мәліметінше, жеке...

Ертең Түркістанда Hazret Sultan Airport әуежайы ашылады

1 желтоқсанда Түркістандағы Hazret Sultan Airport халықаралық əуежайында алғашқы рейс ашылады, деп...

«Nur Otan» партиясының қатары талантты азаматтармен толықты (видео)

Тұңғыш Президент күні қарсаңында елордада «Nur Otan» партиясына салтанатты қабылдау өтті. Билеуші...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...