Жамбылдық шаруалар жиын-терінді аяқтауға жақын

Жамбылдық шаруалар жиын-терінді аяқтауға жақын

Жамбылдық шаруалар жиын-терінді аяқтауға жақын
ашық дереккөзі
Жамбыл облысында күзгі жиын-терін жұмыстары аяқталуға жақын. Қазір жергілікті шаруалар қалған өнімдерді жинап алып жатыр. Биыл өңірде 687 мың гектардан астам алқапқа ауылшаруашылық дақылдары егілген. Оның 200 мыңдайы мал азығы саналатын көпжылдық шөптер. Сала мамандарының айтуынша,  биыл бидай мен арпа орта есеппен гектарынан 23 центнерден жиналған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1 центнерге жоғарырақ. Нәтижесінде қамбаға 331 мың тонна бидай, 430 мың тоннадан астам арпа түсіп отыр. Жалпы өңірде қазір дәнді және дәнді бұршақты дақылдар 97 процентке, көкөністер 96, майлы дақылдар 98, қант қызылшасы 10 процентке, ал бақша дақылдары 100 процент жинап алынды. "Жүгері жинау жұмыстары жүріп жатыр. 45 проценті аяқталды. Әлі 55 проценті жиналу керек. Мына сәл ауа райы қолға байлау болып жатыр бүгінгі күні. Негізгі дақылдардың барлығы 1 қарашаға дейін бітіреміз деп отырмыз. Бірақ қант қызылшасы дақылын сол 1 желтоқсанға дейін барады деп жоспарлап отырмыз", - дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Шәкір Момынқұлов.