Тараздағы екі университет бірікті

Тараздағы екі университет бірікті

Тараздағы екі университет бірікті
ашық дереккөзі
Тараздағы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік Универсиететі мен Тараз мемлекеттік педогогикалық университеті бірікті. Бұл туралы Жамбыл облысы бойынша Өңірлік коммуникациялар қызметінің «Фейсбуктағы» парақшасында жарияланды. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 11 қазандағы № 752 қаулысы бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті« мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті« бірігу арқылы «М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті« коммерциялық емес акционерлік қоғамы болып қайта құрылады»,-делінген қаулы мәтінінде. «Елбасының тапсырмасына байланысты әр аймақта бір жетекші жоғары оқу орны болады. Біріктірудің негізінде материалдық-техникалық, оқу-зертханалық база дамиды, ғылыми потенциал өседі деп күтілуде. ТарМУ – аймақтағы білімнің, ғылымның, мәдениеттің, рухани байлықтың орталығына, мемлекеттік жастар саясатының көшбасшысына айналады деп ойлаймын»,-дейді М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ректоры Махметғали Сарыбеков.