Тіл форумынан не күтеміз?

Сондай-ақ!

Қазақстанда Мұнай-газ машинасын жасауды дамытудың халықаралық орталығы құрылады

Қазақстан машина жасаушылар Одағының мұнай операторлары арасында бірыңғай терезе болып табылатын орталық құру жөніндегі бастамасы қолданды. Бүгін Мемлекет басшысының машина жасау саласын дамыту жөніндегі тапсырмасын...

Британдық дәрігер шаш түсуін тоқтату тәсілін айтты

Британдық трихолог Филипп Кингсли шаштың қалыпты өсіміне қай дәруменнің тапшылығы кедергі келтіретінін айтты, деп хабарлайды Express. Дәрігердің сөзінше, шаштың жиі түсуіне, өсуінің баяулауына ағзада B12...

Талдықорғандағы жарылыс: 14 жастағы бала көз жұмды

Талдықорғанда газ баллон жарылысынан зардап шеккен 14 жастағы бала қайтыс болды. Оның денесінің 98 пайызы күйген болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қазіргі таңда Талдықорған қалалық көпсалалы...

Тәуелсіздік алғанымызға отыз жылға жуықтаса да, қазақ тілі қоғамның барлық саласында өз деңгейінде қолданылмай келе жатқандығы мәлім. Егемендік алғаннан бастап-ақ Қазақстанда өмір сүретін барлық халыққа мемлекеттік тілді меңгеруге, үйренуге толықтай жағдай да жасалды, мемлекеттік бағдарламалар да қабылданды, алайда қазақ тілі толыққанды қызмет атқара алмай келеді. Бұған «Тіл туралы» заңның осалдығы мен Конституцияда көрсетілген орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылатындығы түрткі болып отырғандығы белгілі және бұл мәселе зиялы қауым тарапынан соңғы кездері жиі айтылып жатыр.

Белгілі ақын Қазыбек Исаның Ұлттық Кеңес отырысында: «Барлық жерде мемлекеттік тілді міндеттейтін  Мемлекеттік тіл туралы заң қабылдауымыз керек! Орыс тілі туралы   7-баптың 2-тармағын алатын уақыт жетті», – деген ашық ұсынысын мемлекеттік тілге деген жауапкершілікті арттыруға бағытталған нақты қадам дей аламыз. Ғалым Анар Фазылжан посткеңестік кеңістіктегі елдерде тіл саясатының заңнамалық базасының өзгеруі қарқынды түрде жүзеге асырылғандығын, ал Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» заңы Кеңес өкіметі кезінде қабылдаған орыс-қазақ қостілділігінің қолданысын толық сақтауға қызмет етіп келе жатқандығын айта отырып: «Әр мемлекет тіл саясатында ұлттық мүддесіне үйлесімді, ішкі жағдайына оңтайлы, халқының (бүгінгі және болашақтағы) сұранысына жауап беретін бағыттарды, амал-тәсілдерді таңдайды. Осы таңдалған бағыт пен амал-тәсілдер тіл туралы заңнамада толық регламенттелуі керек», – дейді. Қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазы: «Қазақстанда да тіларалық елеулі үдерістер жүріп жатыр. Оның қозғаушы күштері ақпарат пен бизнес болып отыр. Мемлекеттік тіл әлем түгілі Қазақстанның өзінде осы екі салада ұтылып қалып жатқанын күнде көреміз. Егер осы екі салада елімізде мемлекеттік тілдің басымдығын қалыптастыра алмасақ, онда бүгінгіден де ойсырай ұтыламыз деген қауіп зор», – дейді. Қазақ тілінің жанашырлары, әсіресе қазақтілді журналистер, ғалымдар, т.б. зиялы қауым өкілдері тарапынан мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге бағытталған  ұсыныс-пікірлер көптеп айтылып та, жазылып та жатыр. Бірақ нақты нәтижеге қол жеткізу оңай болмай тұрғаны шындық. Қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде қоғамдық өмірдің барлық саласында еркін қолданысқа енбейінше, ұлтаралық қатынас тіліне айнала қоюы да екіталай.

Қазіргі таңда мемлекеттік тілді латын әліпбиіне көшіруге бағытталған жұмыстар қарқынды түрде қолға алынып отыр. Ал ұлттық жазу реформасының сапалы әрі уақытында жүзеге асуы мемлекеттік тілдің толыққанды қызметіне тікелей байланысты болмақ. Осыған орай Ш.Шаяхметов атындағы «ТІЛ-ҚАЗЫНА» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2019 жылдың 24 қазанында «Жаһандану және ұлттану үдерісіндегі қазақ тілінің өміршеңдігі» атты Тіл форумы өтпек.  Форумның басты мақсаты – қазақ тілінің қолданыс аясын ғылым, білім, саясат, БАҚ, бизнес, кәсіпкерлік, өндіріс, яғни қоғамдық салалардың барлығында кеңінен қолдану мәселелерін талқылау, әліпби реформасының жалпыхалықтық сипат алу тетіктерін іске қосудың жолдарын анықтау. «Тіл форумында» алты блок жұмыс жасап, ашық пікір алаңын ұйымдастырады:

1) Білім, ғылым және тіл

2) Бизнес және тіл

3) Заң және тіл

4) БАҚ және тіл

5) Мемлекеттік тіл болашағы – жастар болашағы

6) Өңірлердегі тілдік ахуал

Әр блокта мемлекеттік тілге қатысты өзекті проблемалар талқыланып, оны шешудің жолдары сараланбақ. Форум нәтижесінде қарар қабылданады.

Мемлекеттік тілдің тұғыры биік болсын десеңіз Тіл форумына келіңіз, ашық пікіріңізді білдіріңіз, ұсынысыңызды айтып, өз үлесіңізді қосыңыз!

 

Гүлфар Мамырбек

Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына»

ұлттық ғылыми-практикалық орталығы

Орфография басқармасының басшысы

Редакция таңдауы

Димаш Құдайберген сүйіктісі бар-жоғын айтты

Әлемге әйгілі әнші Димаштың жеке өмірі қызықты әрі құпия. Әншінің миллиондаған тыңдарманына «оның жүрегін жаулап алған кім ?» деген сұрақ қызықты, алайда әнші өз...

Генерал Б. Жанасаев: Елбасының сенімінен асқан жауапкершілік жоқ

Құқықтық тәртіп әскерінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сенім артқан сардарлар аз емес. Олардың әр қайсысының өз орны бар. Десе де, өмірлік тәжірибесі бай, Елбасының сенімін...

Көреалмаушылықтың көрігін басу кімге керек?

Қай қоғамда болса да жиі айтылатын, жиі талқыға түсетін нәрсенің бірі − көреалмаушылық, яғни қызғаныш. Содан болар, өмірінде қызғаныштың құрбаны болғанын, көреалмаушылықтың кесірінен көп...

Ұлы көштің ұйытқысы

1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. Ел тарихы үшін елеулі күн болғандықтан, Тәуелсіз мемлекетіміздің буынын бекітіп, қанатын қатайтқан Елбасының ерен еңбегін екшеп айтуымыз...

Польшада қаза тапқан 50-ден астам қазақстандықтың тізімі берілді

Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың әскери-тарихи мұражайына Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Польшада қаза тапқан...
Тоқтамұрат Тілеу

Алтай туып, Ақтау тұрып жатқан талантты қандасымыз – Тоқтамұрат Тілеу (видео)

https://www.youtube.com/watch?v=5V259sewUEg&feature=youtu.be&ab_channel=TurkistanInternationalPoliticalWeekly

Биыл 6282 түркістандық «Nur Otan» партиясына қабылданды

Бүгін Түркістан облысының 16 аудан, қаласында ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында түрлі...

Қазақстанда Мұнай-газ машинасын жасауды дамытудың халықаралық орталығы құрылады

Қазақстан машина жасаушылар Одағының мұнай операторлары арасында бірыңғай терезе болып табылатын орталық...

«Денесі құрысып қалады». Дәрігерлер ұшақта жағдайы нашарлаған бала туралы айтты

Ұшақ бортында өзін нашар сезінген бала өте ауыр хәлде жатыр. Дәрігерлер сәбиді...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...