Есірткі қолданып, ішімдік ішкен: Алматы көшесінде екі адамның өмірін қиған жүргізуші қамалды

Есірткі қолданып, ішімдік ішкен: Алматы көшесінде екі адамның өмірін қиған жүргізуші қамалды

Есірткі қолданып, ішімдік ішкен: Алматы көшесінде екі адамның өмірін қиған жүргізуші қамалды
ашық дереккөзі
367
Алматыда BMW көлігінің жүргізушісі жаппай жол апатына себепкер болды. Оқиға салдарынан екі адам көз жұмды, деп хабарлайды Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Куәгерлердің айтуынша, BMW көлігінің жүргізушісі Сейфуллин даңғылымен жүріп бара жатқан. Ол бағдаршамның қызыл түсі жанып тұрғанына қарамастан, тоқтамай жолдың қарама-қарсы бетіне шығып кеткен. Audi көлігімен соқтығысты. Соққының қатты болғаны соншалық көлік жарнама билборды, жол белгісі мен ағашқа соғылды.
Ал BMW айналып барып, Subaru Forester мен Toyota Carina-мен соқтығысқан. Audi көлігінің екі жолаушысы оқиға орнында жедел жәрдем қызметі жеткенге дейін көз жұмды. Тағы жеті адам зардап шекті: Audi көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы, BMW жүргізушісі мен үш жолаушысы және Subaru жүргізушісі. Олар түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. 
Көп ұзамай тәртіп сақшылары апатқа кінәлі деген күдікпен 20 жастағы жігітті ұстады. Оның есірткі қолданып, көлік тізгініне отырғаны белгілі болды. Мұның үстіне алкогольдік ішімдік ішкен.  width= "Бұл факт ҚР қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі (Көлiкті басқаратын адамның жол жүрісі немесе көлiкті пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет) бойынша сотқа дейінгі реестрде тіркелді. BMW көлігінің жүргізушісі бірден ұсталды", - делінген Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада. Ол уақытша тергеу изоляторына қамалды. Қылмыстық істің материалдары қалалық полиция департаменті тергеу басқармасына берілді. Қылмыстық кодекстің 345-бабына сәйкес, жүргізуші 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары