«Анализдар ешқашан тексерілген емес»: Шымкенттегі балалар ауруханасының зертханашылары мекемедегі сұмдықтың бетін ашты

Сондай-ақ!

Жолаушылары бар көлік Үлкен Алматы каналына құлап кетті

Үлкен Алматы каналына жолаушылары бар көлік түсіп кетті. Апат салдарынан жүргізуші мен жолаушы жарақат алды - олардың екеуі де ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Zakon.kz....

«Жала жабылған»: Оқушы қызды зорлады деген күдікті түрме дәретханасында асылып қалды

Оқушы қызды зорлады деген күдікті Павлодардағы тергеу абақтысының дәретханасында асылып қалды. Бұл туралы оның туыстары мәлім етті, деп хабарлайды Tengrinews.kz.  24 жастағы Дулат Базанов Павлодар тергеу изоляторының...

Ата-аналардан мектепке ақша жинатқан білім басшылары жазаланды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Стратегия және жедел басқару департаментінің басшысы Нұрлан Жақсымбетов мектептер мен емханалардағы жемқорлық жағдайлары тексерілгенін айтты. «Агенттік мектептерде, ЖОО-ларда, емханаларда ақша...

Қай партия Парламент Мәжілісінің сайлауына қатыспайды

Бүгін Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының съезі өтті. Жиын барысында партияның алдағы Парламент Мәжілісі мен мәслихат сайлауына қатыспайтыны туралы шешім қабылданды. Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның съезінің күн тәртібінде...

Шымкенттегі балалар ауруханасынан шу шықты. Зертхананың қос қызметкері ауруханада ақылы жасалған сараптама қорытындылары жалған деп мәлімдеді. Тіпті мерзімі өткен дәрілер қолданылып келген.  

Шымкенттегі клиникалық балалар ауруханасының қос зертханашысы жаға ұстатарлық жағдайға куә болғанына жылдан асқанын айтады. Бірі дәрігер-лаборант, екіншісі фельдшер-зертханашы болып жұмыс істейді. Айтуларынша, бұл жерде өзге емханалардың да анализдері талданады, деп хабарлады «Астана» арнасы.

«Қаланың барлық емханасы келісімшартқа тұрады. Олар бізге анализ жасап беру үшін ақша аударады, мүгедек балалар, жүкті әйелдер, ересектер, балалар – барлық анализ келеді. Бірақ оны өтірік қабылдап алған болады да, кеткесін ол қоқысқа тастайды», – дейді дәрігер-лаборант Раушан Төрегелдиева.  

Оның айтуынша, талдау қорытындысы алуға келгендерге қолдан жалған ақпарат жазып беріп отырған.

«Антибиотикті сезгіштік, бактерияның бар-жоғы туралы мәліметтің бәрі өтірік, ойына не келеді соны жазып отырған. Тексеру ешқашан болған емес, анализ істелінбеген»,- деп толықтырды ол.

Олар сараптама жасалған күнде де, сақтау мерзімі әлдеқашан өтіп кеткен препараттар қолданылып келгенін айтып отыр. Олардың сақтау күнін жасыру үшін қағазын өшіріп, жаңасын жапсырған көрінеді. Дәлел ретінде бейнежазбаны ұсынды.

«Біз зертханада инфекцияларды өсіру жолымен баланың қандай антибиотиктерге сезімтал екенін анықтаймыз. Сөйтіп қандай антибиотик әсер ететінін айтып береміз. Мерзімі өтіп кеткен дәрінің күші болмайды, бактериялар жақсы өспейді. Анализ дұрыс берілмейді», – дейді фельдшер-лаборант  Гүлнәр Сәрсенбаева.

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы мәселені бақылауына алды. Қызметтік тексеріс те басталған. Ол бұл жазба әлдекімдердің арандатуы болуы мүмкін деп топшылайды.

«Неғылған құты екенін сұраттым, тіркеу нөмірі бойынша тексергенде бұл тауарлар біздің реестрде тіркелмегені анықталды. Демек ол құтыларды сырттан әкелген болуы мүмкін. Соған қарап, алдын ала мен бұны әлдекімдердің арандатуы деп ойлап отырмын», – деп Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиев.

Қазір осы істің ақ-қарасын анықтауға полиция мен прокуратура да жұмылдырылды. Шымкенттің бас дәрігері егер қолдан ұйымдастырылғаны анықталса, кінәлілердің барынша қатаң жазалануын талап етемін деп отыр.

 

Редакция таңдауы

Генерал Б. Жанасаев: Елбасының сенімінен асқан жауапкершілік жоқ

Құқықтық тәртіп әскерінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сенім артқан сардарлар аз емес. Олардың әр қайсысының өз орны бар. Десе де, өмірлік тәжірибесі бай, Елбасының сенімін...

Көреалмаушылықтың көрігін басу кімге керек?

Қай қоғамда болса да жиі айтылатын, жиі талқыға түсетін нәрсенің бірі − көреалмаушылық, яғни қызғаныш. Содан болар, өмірінде қызғаныштың құрбаны болғанын, көреалмаушылықтың кесірінен көп...

Ұлы көштің ұйытқысы

1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. Ел тарихы үшін елеулі күн болғандықтан, Тәуелсіз мемлекетіміздің буынын бекітіп, қанатын қатайтқан Елбасының ерен еңбегін екшеп айтуымыз...

Бокстан Иран ұлттық құрамасындағы қазақ: Олимпиадаға қазақ елінің атынан қатысқым келеді

Бала кезінен 2016 жылғы Рио-де-Жанейро Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусіновке еліктеп өскен қандасымыз Абдулхаким Бектұр бокстан Иран ұлттық құрамасының белді мүшесі. Бүгінде Иранның негізгі құрамасында...

ҚР Тұңғыш Президенті күні жаңа деректі фильм көрерменге жол тартады

1 желтоқсан күні сағат 21:40-та "Хабар" телеарнасының эфирінде Айгүл Әділованың "Штрихи к...

Генерал Б. Жанасаев: Елбасының сенімінен асқан жауапкершілік жоқ

Құқықтық тәртіп әскерінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сенім артқан сардарлар аз емес. Олардың...

Жолаушылары бар көлік Үлкен Алматы каналына құлап кетті

Үлкен Алматы каналына жолаушылары бар көлік түсіп кетті. Апат салдарынан жүргізуші мен...

«Жала жабылған»: Оқушы қызды зорлады деген күдікті түрме дәретханасында асылып қалды

Оқушы қызды зорлады деген күдікті Павлодардағы тергеу абақтысының дәретханасында асылып қалды. Бұл...

Ата-аналардан мектепке ақша жинатқан білім басшылары жазаланды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Стратегия және жедел басқару департаментінің басшысы Нұрлан...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...