Бойжеткенді ұрлаған күдікті өз қылмысына қыздың ата-анасын кінәлады
Бойжеткенді ұрлаған күдікті өз қылмысына қыздың ата-анасын кінәлады
3 желтоқсан күні Алматы облысында Айзада Авлатарованы есімді бойжеткенді ұрлаған ер адам зз қылмысына қыздың ата-анасын кінәлады. Бұл туралы күдікті Игорь Токаревпен тілдескен «Время» басылымы хабарлады. «Сіздер өз балаларыңызды трассаға жалғыз не үшін жібересіздер? Оның үстіне такси ұстауға. Қоғамдық көлік бар емес пе – автобустар, маршруткалар! Мектепке, колледжге, ауылға, қалаға жалғыз жіберіп, қылмысқа өздеріңіз бар жағдайды жасап қоясыздар», – деді қызды жәбірлеген ер адам. Токарев жол бойында жалғыз тұрған сұлу қызды көргенде өзіне ие бола алмағанын айтты: «Маған Айзада бірден ұнап қалды. Сол бойда өзіме ие бола алмай, оны өзге бағытта алып кеттім. Ал кейін біреуге хабарласып жатқанын көргенімде ызаланып, оның ұялы телефонын тартып алдым. “Дыбыс шығаратын болсаң, турап тастаймын” дедім. Сөзіме сендіру үшін тамағына пышақ тақадым. Ол қорқып қалды. Сосын дегеніме көнсең, өлтірмеймін дедім”, – дейді ол. Айзаданы екі күн көлікте ұстаған ер адам үшінші күні оны саяжайға ертіп апарған. Токарев сол саяжай маңында қолға түсті. Күдікті бойжеткенді аяп, нағашы інісінің үйіне апарып тастамақ болыпты. бұлжытпай орындағанына аң-таң: «Бір нәрсе таңғалдырды. Жеті күн бойы қыз бала ләм-мим демеді, қарсылық көрсетпеді, маған дауыс та көтермеді. Дегенімнің бәріне көніп жүрді. Өзі сондай тәрбиелі екен. Тіпті аяп та кеттім. Оны үйіне апарып тастағым да келді. Біз оның немере інісіне бара жаттық». Игорь Токарев тергеу барысында осылайша ағынан жарылып, тергеушілердің алдында кешірім сұрады: «Не дейін? Солай болып қалды… Егер біреудің жанын ауыртқан болсам, кешірім сұраймын» – деді ол. Іле ІІБ-нің уақытша оқшаулағышына қамалған күдіктінің жазасы жуырда белгілі болады.