Маңғыстау облысында жерді заңсыз таратқан шенеунік ұсталды

Маңғыстау облысында жерді заңсыз таратқан шенеунік ұсталды

Маңғыстау облысында жерді заңсыз таратқан шенеунік ұсталды
ашық дереккөзі
349
Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық жер қатынастары бөлімі басшысының міндетін атқарушы қызметтік жалғандық жасады деген күдікке ілінді. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.  «Маңғыстау облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Түпқараған аудандық жер қатынастары бөлімі басшысының міндетін атқарушыға қатысты қызметтік жалғандық жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді бастады», - деді ведомстводан. Ол іс жүзінде өтпеген жер комиссиясының хаттамасынан жалған үзінді көшірмелерді беру жолымен, жерді сату бойынша сауда-саттық (конкурстар, аукциондар) өткізбей немесе жалға алу құқығынсыз учаскелерді беріп келген. Оған жалпы сомасы 62 млн теңгеге 22 жеке және заңды тұлғаға жер учаскелерін таратты деген айып тағылып отыр. «Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Күдіктіге қатысты оның кінәлілік дәрежесін анықтаумен түпкілікті шешімді сот шығарады», - деп қосты ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен.  

Серіктес жаңалықтары