11 Қазан, 11:58 273 0 Жаһан Анар ЛЕПЕСОВА

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ашхабадқа сапары басталды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД Мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына қатысу үшін Ашхабадқа келді, деп хабарлайды Президенттің баспасөз хатшысы. 

«Қазақстан Президенті Түрікменстан басшысы Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездеседі деп жоспарланған. ТМД елдері басшыларының саммитінде Мемлекет басшысы ұйымды одан әрі дамыту бойынша өзінің көзқарасын білдіріп, Достастық елдерінің өзара экономикалық байланыстарын арттыру шаралары бойынша нақты ұсыныстарын айтпақ», - деп жазды Берік Уәли Facebook парақшасында.

Кеңес отырысының қорытындысы бойынша Ашхабадта бірқатар көпжақты келісімдерге қол қойылатыны күтіледі. Сондай-ақ, Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің 75 жылдығына орай ТМД халқына және әлемдік қоғамдастыққа Үндеу жарияланбақ.

ТМД Мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысы бүгін, 11 қазан күні өтеді.

 

Соңғы жаңалықтар