Павлодарда мектеп асханасында 7 бала уланды

Павлодарда мектеп асханасында 7 бала уланды

Павлодарда мектеп асханасында 7 бала уланды
ашық дереккөзі
Павлодар облысы Павлодарское ауылындағы мектеп асханасында жеті бала уланып қалды, деп хабарлайды Павлодар Онлайн басылымы. Ата-аналардың айтуынша, балалар асханада тамақтанған соң, улану белгілері байқалған. Оқушылар облыстық ауруханаға жеткізілді. №40 мектептің ата-аналар комитетінің мүшесі Сәуле Шәкібаеваның балалар бәліштен улануы мүмкін деген болжамын айтты. Балаларда улану белгілері түнде байқалды. Ал таңертең ата-аналары жедел жәрдем шақырған. №40 мектеп директорының орынбасары Елена Минаеваның айтуынша, мектеп әкімшілігі жағдайды бақылауға алған. Ата-аналардың шағымы тексеріліп жатыр. Санитарлық-эпидемиологиялық қорытындыдан соң шешім қабылданады. Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының ана мен баланы қорғау бөлімінің қызметкерлерінің айтуынша, балалардың жағдайы қанағаттандырарлық.