371
Қылмыс 15 пайызға азайды
Қылмыс 15 пайызға азайды
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевты қабылдады, – деп хабарлайды Elbasy.kz сайты.
Кездесу барысында Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасына елдегі қылмыстық ахуал және министрліктің құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша қабылдаған шаралары туралы ақпарат ұсынылды Ішкі істер министрінің мәліметі бойынша, 2019 жылы қылмыс 15 пайыз төмендеген. Ауыр қылмыстарды ашу деңгейі 77,5 пайыз құраса, аса ауыр қылмыстар бойынша көрсеткіш - 88 пайыз. Сонымен қатар, Ерлан Тұрғымбаев Елбасына ішкі істер органдарын реформалау аясында полицияға халықтың сенімін арттыру жөніндегі шараларды іске асыру барысы туралы мәлімет берді.