Шарын шатқалында алғаш рет қысқы маусым ашылмақ

Шарын шатқалында алғаш рет қысқы маусым ашылмақ

Шарын шатқалында алғаш рет қысқы маусым ашылмақ
ашық дереккөзі
2020 жылы «Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде» екі туристік бағыт іске қосылады. Әзірге  Шарын шатқалында жүретін бір ғана  жол бар. Ұзындығы 3 шақырымды құрайтын жолмен жылына кем дегенде 10 мың адам жүріп өтеді екен. Ұлттық парктің мамандары келесі жылы тағы екі маршрут ашуға ниетті екендіктерін жеткізді.  Себебі осында келіп кеткен қытайлық туристер  қазақ жеріндегі тұмса табиғатты көруге Димаш Құдайбергеннің өнері тікелей әсер еткенін айтыпты. Ұлттық парк қызметкерлері соңғы 5 жылда Шарын шатқалына келушілердің қатары артқан дейді. Былтыр 15 мың турист келсе, осы  жылдың 9 айында 18 мың саяхатшы ат басын бұрған. Мұнда кем дегенде 50 шақты маман жұмыс істейді. «Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі»  туризм бөлімінің маманы Максим Акрамов журналистермен кездескен кезде мұнда келген туристерге ыңғайлы жағдай жасалғанын тілге тиек етіп өтті. Тіпті  адамдар әлеуметтік желі де қол жетімді. «Ұлтық парк күннің ыстығын да, жауын кезінде туристер отыратын ағаштан беседка жасап қойған. Маршурт бойынша орындықтар қойылған. Жаяу жүруге қиналатын адамдарға көліктер бар»,  дейді. Өкініштісі, шатқалда электр қуаты мен мобильді байланыс жоқ. Жарықты тарту үшін 380 вольтты электр сымын жүргізу керек екен. Сондықтан демалыс орнындағы мамандар рацияны пайдалануда.