8 Қазан, 18:30 225 0 Ішкі саясат Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ

Елбасы Жұрыновты қабылдады

Елбасы Н.Назарбаев Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрыновты қабылдады. Кездесу барысында Тұңғыш президент ғылым саласындағы түйткілдер жайында әңгіме өрбітіп, халықаралық әріптестік туралы талқыға салды.  

– Біз халықаралық альянс ортасына түсу жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырудамыз. Қазір жас ғалымдардың шетелде тәжірибеден өту мүмкіндігіне ие болатын келісімдерге қол қойылуда, – деді академик М.Жұрынов.

Сондай-ақ, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты ҚР Ұлттық ғылым академиясы альянстың «Жол және белбеу» халықаралық ғылыми ұйымның қызметі аясындағы жұмыстармен таныстырды.

«Былтыр Пекин қаласында ғылым ұйымдарының ең ірі альянсы құрылды. Оған 47 мемлекеттің академиясы кірді. Біз де осы Альянстың бір мүшесі болдық. Соның нәтижесінде біздің ғалымдар әлемдік мегажобаларда әртүрлі бағытта жұмыс істейтін қосымша мүмкіндіктерге ие болды» деді М.Жұрынов.

Соңғы жаңалықтар