6-сынып оқушысы "жарылыс" жасамақ болды
6-сынып оқушысы "жарылыс" жасамақ болды
Астана сақшылары жедел-іздестіру іс-шарасының барысында № 27 мектеп ғимаратына жарылғыш заты қойылды деп қоңырау шалған адамның кім кім екенін анықтады. Бұл туралы қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады. Телефон лаңкесі осы мектептің 6 сынып оқушысы болып шықты. Мәселені анықтау кезінде ата-аналарының алдында кәмелетке толмаған бала өз әрекетін жасырмады. Аталмыш факті сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізіліміне 273 бап (терроризм актісі туралы жалған ақпарат тарату) бойынша енгізілді. Оған қоса ҚР ҚК 144 (кәмелетке толмаған тәрбиелеуде міндеттерді орындамау) бабына сәйкес ата-аналарына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Ювеналдық полиция инспекторлары аталмыш фактілерге жол бермеу және соның салдарынан қандай жауапкершілікке тартылатындығы жөнінде профилактикалық әңгіме жүргізді. Айта кетейік, кеше сағат 15.00-де Астана қаласы ІІД Жедел басқару орталығына белгісіз адамнан №27 мектеп ғимаратына жарылғыш заттың қойылғандығы жөнінде хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына Астана қаласы ІІД жедел тергеу тобы келіп жетті. Кинологиялық орталықтың қызметкерлері мен «Арлан» арнайы мақсаттағы бөлінісінің техникалық мамандары мектеп ғимараты мен маңын тексерді Бірақ тексеру кезінде ешқандай жарылғыш зат табылған жоқ.