Головкин рингтен шеттетілді

Головкин рингтен шеттетілді

Головкин рингтен шеттетілді
ашық дереккөзі
Әлем чемпионының екі титулын жеңіп алған қазақстандық боксшы Генадий Головкин жекпе-жектен шеттетілді, деп хабарлайды Sports.kz. 5 қазанда Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden аренасында өткен жекпе-жекте қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) украиналық Сергей Деревянченконы (13-1, 10 КО) жеңіп, IBF және IBO титулдарына ие болған еді. BoxRec.com-ның хабарлауынша, Нью-Йорк штатының Атлетикалық комиссиясы Геннадий Головкинге рингке шығуға тыйым салды. Бұл кездесулерден кейін жасалатын әдеттегі шара. Спортшының қалпына келуі үшін жекпе-жек өткізуге шектеу қойылады. Деревянченкоға қатысты да осындай шара қолданылды. Айта кетсек, кездесуден кейін екі спортшы да ауруханаға жеткізілген болатын. Деревянченко оң көзін зақымдап алса, Головкин қолын жарақаттаған.