Мысыр мұралары – Алматыда

Мысыр мұралары – Алматыда

Мысыр мұралары – Алматыда
ашық дереккөзі
Мысыр Араб Республикасының Елшілігі мен Мысырдың Алматыдағы мәдениет және білім жөніндегі орталығымен көпжылдық ынтымақтастық аясында «Мысыр қазыналары» атты көрме Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейінде ашылды. Көрмеде Қазақстан Республикасы Мем­лекеттік орталық музей директорының орынбасары Анар Саметова салтанатты шараның ашылуында сөз сөйлеп,  көрмеге келген қонақтарға ізгі тілегін білдірсе, Мысыр Араб Республикасы Елшілігінің Мәдениет және білім істері жөніндегі орталығының директоры, профессор Ранда Махмуд Ризк ханым Мысыр елі, оның тарихы туралы айтты. Сондай-ақ, көрме туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Өкілдік басшысының орынбасары Қарабулов Руслан Мә­лік­ұлы пікірін білдірді. Қазақстан Республикасы (ҚР) мен Мы­сыр Араб Республикасы (АРЕ) арасында 1992 жылдан басталған  өзара түсі­ніс­тік пен құрметке негізделген жемісті дипломатиялық қатынас саяси, экономикалық, мәдени қатарлы барлық деңгейлерде қолдау тауып отыр. Екі ел арасындағы мәдени ынтымақтастықты жандандыру шеңберінде 1996 жылы Қазақстан Республикасындағы Мысыр Елшілігінің негізгі бөлімшелерінің бірі ретінде Мысыр мәдени орталығы ашылды. 2015 жылы Мысырдың жоғары білім және мәдениет министрінің бұйрығымен Қазақстан Республикасындағы Араб Республикасының Мысыр Елшілігі жанындағы Мысырдың мәдениет және білім істері жөніндегі орталығы болып өзгертілді. Орталықтың міндеттерінің бірі – көрмелер ұйымдастыру және өткізу арқылы Мысыр тарихы мен мәдениетін насихаттау болып табылады.

Г. ҚЫДЫРАЛИЕВА