Түрмеден қашып, 17 жыл үңгірді паналаған ер адам табылды

Қытайда түрмеден қашып кеткен ер адам 17 жыл бойы үңгірде жасырынған. Кезінде адам саудасы үшін сотталған қашқын қайтадан түрмеге қамалды, деп хабарлайды BBC.

17 жылдан кейін табылған жазасын өтеуші – Сун Цзян есімді бұрынғы полицей. Ол әйелдер мен балалар саудасы үшін бас бостандығынан айырылған. Алайда 2002 жылы түрмеден қашып кетіпті. Ер адам осы уақыт бойы туған қаласына жақын маңдағы таудағы үңгірде өмір сүрген.

Қашқынның қайда жүргенін ұшқышсыз басқарылатын құрылғының көмегімен анықтау мүмкін болды. Полицейлер әуеден түсірілген суреттерден үңгірдің үстіндегі көк түсті болат шатырды байқапты. Сонымен қатар сол маңда қоқыс жатқаны көрінген.

Полицейлер ер адамды үңгірде жасырынып жатқан жерінен ұстады. Полиция мәліметінше, Сун Цзян ұзақ уақыт жалғыз өмір сүргендіктен, орган қызметкерлерімен әрең тілдескен.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button