Қазақстанның экономикалық тұрғыдан өсуі үшін жасалған маңызды қадам

Қазақстанның экономикалық тұрғыдан өсуі үшін жасалған маңызды қадам

Қазақстанның экономикалық тұрғыдан өсуі үшін жасалған маңызды қадам
ашық дереккөзі
Қазақстан Президенті  Қасым- Жомарт Тоқаев аймақтық экономика және ауыл шаруашылығы саласын дамыту үшін шағын және орта кәсіпкерлікті ілгерілету туралы айтты. Бұл Қазақстанның экономикалық тұрғыдан өсуі үшін жасалған маңызды қадам. Яғни, инвестиция тарту, инфрақұрылымды дамыту арқылы жаңашылдыққа бет бұру, сондай-ақ, цифрлық экономика мен транспорт, таза ауыз су, телекоммуникация мәселесі күн тәртібінен түспеу керек. Инвестор ретінде мені қуантқаны, «Сарыарқа» газ құбырының алғашқы фазасының жұмысы бітуге таяу екен. Нәтижесінде Нұр-Сұлтан және Қарағанды қаласының 2,7 млн тұрғыны көгілдір отынға қол жеткізеді. Бұл бастама таза газ саласы бойынша жұмыс істейтін «Independent Power Corporation» компаниясы салып жатқан жаңа электростанциясына да көп мүмкіндік береді. Болашақта ірі қалалардың бәрі ескі көмір электр станцияларына деген тәуелділіктен құтылуы тиіс. Егер газдандыру жұмысы қолға алынса,  ауа да ластанбайды, тұрғындардың денсаулығы да нашарламайды. Қазақстан президенті Қ.Тоқаевтың бастамасы бойынша қалдығы аз шығатын электр энер­­гиясы саланың ұзақмер­зім­дік болашағы бар және экологиялық жағынан таза қуат көзін өндіреді. Сондай-ақ, бұл Қазақстан экономикасының негізгі күретамыры саналатын жаңа кәсіп­орындарға қолжетімді болуы керек. Меніңше, Қ.Тоқаевтың алғашқы жолдауы – Қазақстанның гүлденіп, халқының әлеуетті өмір сүруіне бағытталған жол картасы сияқты.

Питер Эрл,

«Independent Power Corporation» компаниясының бас директоры