Бас дәрігер бостандықта

Бас дәрігер бостандықта

Бас дәрігер бостандықта
ашық дереккөзі
  Алматы қаласының №4 қалалық ауруханасының бас дәрігері Қанат Тезекбаев ешқайда шықпау туралы қолхатпен босатылды.  Бұл туралы оның адвокаты Қайрат Байбазаров хабарлады.  2019 жылдың 22 қыркүйегінде Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Қанат Тезекбаевты екі айға қамауға алуға санкция берді. 25 қыркүйекте адвокат сот шешіміне шағымданып, бұрынғы шешімнің күші жойылды. «Қанат Тезекбаевтың өзі апелляциялық сот отырысына қатыспады. Жақында ол тергеу изоляторынан босатылады», – деді Байбазаров. Қанат Тезекбаев кәсіби міндеттерін тиісінше орындамады деген күдікке ілінген болатын. Дәрігер Алматы полиция басқармасы бастығының ұлы - Нұрсұлтан Күдебаевтың өлімінен кейін тергеуге алынды. Сондай-ақ, осы жағдайда байланысты ауруханадағы анестезиолог Асқар Тұңғышбаев та қамауға алынды. Қанат Тезекбаевтың әріптестері дәрігерді қолдады, ал оның әйелі Дина Тезекбаева ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа мәселені жеке бақылауына алуды өтініп хат жазған. Президент бұл мәселені анықтауды тапсырды. Нұрсұлтан Күдебаев 2019 жылдың тамыз айының соңында Германияда қайтыс болды. Оған дейін оған жол-көлік апаты салдарынан алған жарақатына байланысты №4 Алматы қалалық ауруханасында операция жасалған.