Н.Қаппаров Бейжіңде іс-сапарда жүріп қайтыс болды

Н.Қаппаров Бейжіңде іс-сапарда жүріп қайтыс болды

Н.Қаппаров Бейжіңде іс-сапарда жүріп қайтыс болды
ашық дереккөзі
255

"Өлім себебі - жүрегінің тоқтап қалуы. Нұрлан Қаппаровтың туыстарына қайғырып, көңіл айтамыз", - деп хабарлады Қазақстан СІМ өкілдеріне сілтеме жасаған Tengrinews.kz агенттігі.

Марқұмның сүйегін Қазақстанның Қытайдағы елшілігі елге жеткізбек. Бейжіңге ресми делегацияның құрамында барған "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Қаппаров жергілікті уақыт бойынша 14.30-да кенеттен жүрегі тоқтап қайтыс болған.

Нұрлан Қаппаров 1970 жылы 30 наурызда Алматыда туылған. Ол еліміздегі бір қатар құзырлы мекемелерде, ҚР Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі, энергетика және минералды ресурстар вице-министрі, ҚР қоршаған ортаны қорғау министрі қызметтерін атқарған. 2014 жылдың тамызынан бастап президент Н.Назарбаевтың тағайындауымен  "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясының төрағасы міндетін атқарып келеді.

Марқұмның туыстарына қайғырып көңіл айтамыз.

Серіктес жаңалықтары