Рекордтық сома: Хабибтың жеңісі қанша тұрады?

Рекордтық сома: Хабибтың жеңісі қанша тұрады?

Рекордтық сома: Хабибтың жеңісі қанша тұрады?
ашық дереккөзі
Ресейлік спортшы, аралас жекпе-жек шебері Хабиб Нұрмагомедов америкалық Дастин Порьемен өткізген кездесуі үшін UFC тарихындағы рекордтық соманы олжаламақ.  Нұрмагомедов өзінің қарсыласын үшінші раундта қылқындыру әдісімен жеңген болатын. Енді ол алты миллион доллар алады. Мұның үстіне спортшыға медиа шараларға қатысқаны үшін қосымша 40 мың доллар төленеді. Бұдан бөлек, Хабибке тікелей трансляциялардан қаражат түседі. Спортшыға UFC тарихындағы рекордтық сома төленіп отыр. ​Бұл - Нурмагомедовтің 28-ші жеңісі, ал америкалық "Гауһар" Порье алтыншы рет жеңіліс тапты, ол 25 жекпе-жекті жеңген.