9 Қыркүйек, 11:14 325 0 Жаңалықтар Túrkistan Gazeti

Нұр-Сұлтанда Еуразия мен Азия елдері парламенттері спикерлерінің IV кеңесі өтеді

Парламент Мәжілісі Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Еуразиялық идеясына 25 жыл толуына орай Еуразия мен Азия елдері парламенттері спикерлерінің IV кеңесін өткізуге дайындық үстінде. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды.

«Мәжіліс Н. Назарбаевтың Еуразиялық идеясына 25 жыл толуына орай Еуразия мен Азия елдері парламенттері спикерлерінің IV кеңесін өткізуге дайындалуда. Бүгінде 60-тан астам елдің парламенттік делегациялары мен 16 халықаралық ұйым өкілдері ауқымды халықаралық жиынға қатысатындарын растады», деп жазды Нұрлан Нығматулин өзінің Twitter-дегі парақшасында.

«Үлкен Еуразия: Диалог. Сенім. Әріптестік» атты халықаралық жиын  2019 жылғы 23-24 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында өтеді.

Өздерінің қатысуын растағандардың қатарында Еуропа, Аустрия, Болгария, Мажарстан, Германия, Италия, Словакия, Словения, Польша, Франция, Хорватия, Черногория сынды мемлекеттер бар. Азия мемлекеттері қатарында - Ауғанстан, Вьетнам, Үнді, Иордания, Иран, Катар, Қытай, Кувейт, Малайзия, БАӘ, Сауд Арабиясы, Түркия, Оңтүстік Корея, Жапония елдері бар. ТМД қатысушыларынан Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан делегациялары бар.

Форумға ЕҚЫҰ және ҰҚШҰ парламенттік ассамблеялары Парламентаралық одақ, Азия парламенттік одағы, АӨСШК, ИЫҰ басқа да бірқатар ұйымдар қамтылған. Елімізде алғаш рет өткелі тұрған форумның мақсаты – еуразиялық мемлекеттердің заңнамалық органдары басшыларымен жан-жақты диалог орнатып, парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту.

Соңғы жаңалықтар