105 млн тонна мұнай қашан өндіріледі?

105 млн тонна мұнай қашан өндіріледі?

105 млн тонна мұнай қашан өндіріледі?
ашық дереккөзі
299
2025 жылы Қазақстанда жыл сайынғы мұнай өндіру көлемі 105 млн тоннаға жетеді. Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Қазақстан мұнайының 120 жылдығын мерекелеу барысында осылай деді. «Мұнай-газ саласында бірқатар ірі ауқымды және ұзақ мерзімді инженерлік-техникалық жобалар жүзеге асырылып  жатыр. Мұнай өндірісінде инвестицияның негізгі өсімі орта мерзімді кезеңге тиесілі және үш жобаны жүзеге асыру үшін 44,5 млрд АҚШ доллары көлемінде құйылып отыр: Теңізді болашақта кеңейту жобасы (36,8 млрд АҚШ доллары), Қашағанның 1-ші кезеңін кеңейту жобасы (2 млрд АҚШ доллары), Қарашығанақтағы өндіріс деңгейін ұзарту жобасы (4,5 млрд АҚШ доллары)», – деді  министр. Теңізде кенішті игеруге 46 мыңнан астам қазақстандық жұмысшы тартылған. Болашақта кеңейту жобасын жүзеге асыру арқылы Теңіздегі мұнай өндірісін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік бар. Айталық жыл сайынғы деңгей 2023 жылдан бастап бірден 12 млн тоннаға жоғарылатады. Бүгінде Қашағанда мұндай өндіру көлемі тәулігіне 380 мың баррельге жетіп отыр. Жүзеге асырылатын жоба мұнай өндірісін 2022 жылы тәулігіне 420 мың баррельге және 2027 жылы 500 мың баррельге жеткізуге ықпал етпек. Қарашығанақтағы жоба мұнай өндіру деңгейін ұзақ мерзімді кезеңге сақтап қалуға мүмкіндік береді.

Серіктес жаңалықтары