Мәулен ӘШІМБАЕВ: Әлеуметтік мәселелерге баса мән берілді

Мәулен ӘШІМБАЕВ: Әлеуметтік мәселелерге баса мән берілді

Мәулен ӘШІМБАЕВ: Әлеуметтік мәселелерге баса  мән берілді
ашық дереккөзі
– Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев жолдауында халық үшін ең өзекті, кең талқыланып жүрген мәселелерді көтеріп, олардың шешу жолын ұсынды. Жолдауда мемлекетіміздің алға қозғалуына жол ашатын бірқатар нақтылы шара ұсы­ныл­ды. Мәселен, Президенттің пәрменді ше­шімдерінің бірі – шағын және орта бизнестің барлық нысанын алдағы 3 жыл бойы табыс салығынан босату. Бұл сөзсіз, қазақстандықтардың әл-ауқатын арт­тыруға, экономиканың үлкен бір бөлігін қолдауға, кәсіпкерлерді демеуге бағыт­тал­ған. Алдағы 2020 жылдың қаңтарынан бастап ұсақ және шағын бизнесті тексеруге Президент жариялаған үш жылдық мораторий күшіне енеді. Бұл да кәсіп­кер­лер тарапынан үлкен резонанс, қызу құптау туғызбақ. Бұған қоса, экономиканы кредиттеу мәселесіне ден қойды. Кейінгі жылдары заңды тұлғаларды, компанияларды несиелендіру көлемі құл­дырап кетті. Кредиттеусіз экономика да­ми алмайды. Сондықтан Ұлттық банк­ке, Үкіметке осы түйткілдің түйінін тар­қату, кәсіпкерлерді қолжетімді әрі ұзақ­мер­зімді несиемен қамтамасыз ету жө­нінде тиісті тапсырмалар берілді. Мемлекет басшысы әлеуметтік мәселе­лер­ге де баса мән берді. Олардың қатарында білім беру және денсаулық сақтау жүйелерін ары қарай дамытумен, сондай-ақ, театр, музей және басқа да мәдениет қызмет­кер­лерінің жалақысын арттырумен бай­ланыс­ты мәселелер бар. Өйткені жалақы көтеруге бағытталған шаралардан мә­де­ниет саласы тыс қалғаны рас. Мемлекет басшысы қойған шешуші міндеттердің бірі – ең өзекті мәселелерді және маңызды ше­шімдерді талқылауға азаматтық қоғам­ды тарту болмақ.

Мәулен ӘШІМБАЕВ,

Президент көмекшісі