Атырау маңында 102 шақырым жолға асфальт төселеді

Атырау маңында 102 шақырым жолға асфальт төселеді

Атырау маңында 102 шақырым жолға асфальт төселеді
ашық дереккөзі
Жұмысшылар қала маңындағы 97 көшеге, яғни, 102 шақырымға жолға асфальт төсейді, деп хабарлады Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі. Облыс орталығының негізгі көшелерінде ғана емес, қала маңындағы селолық округтерде де құрылыс-монтаж жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Атап айтсақ, Ақсай-2, Тасқала-3, Дамба-2, Еркінқала-2 ауылдық округтерінде жуық арада жаңа асфальт пен тротуарлар пайда болады. Өзге аудандардағы секілді , мұнда да мердігерлер жол төсемін тегістеп, жиектерін жөндеп, жаяу жүргіншілерге арналған жолдар жасайды. "Қазіргі уақытта қала маңындағы 20 көшеге - 14 шақырымнан астам жол төселді. Жұмыс әлі де жалғасуда, мердігерлер алдын-ала жоспарланған учаскелерге жаяу жүргіншілер жолдары мен тратуарларға асфальт төсейді", - дейді қалалық ТКШ бөлімінің бас маманы Алмас Сарсенов.