Түркістан облысында жол ортасында қауіпті әрекет жасаған жігіт жазаланды (ВИДЕО)

/
Түркістан облысында жол ортасында қауіпті әрекет жасаған жігіт жазаланды (ВИДЕО)
Polisia.kz

Түркістан облысында жас жігіттің жолдың дәл ортасында қауіпті әрекет жасап жүрген бейнеролигі Instagram әлеуметтік желісінде тарады. Бір қарағанда қарапайым контент сияқты көрінгенімен, оның әрекеті жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндірген, деп хабарлайды turkystan.kz.

Аталған бейнеролик Сарыағаш аудандық полиция басқармасы қызметкерлерінің назарына ілікті. Полицейлер әлеуметтік желідегі жазбаны зерделеп, бейнероликтегі азаматтың жеке басын анықтады. Ол Шымкент қаласының 24 жастағы тұрғыны болып шықты.

Тәртіп сақшылары ер адамға қатысты заңнамаға сәйкес шара қолданып, оның автокөлігін айыптұраққа қойды.

Полиция қызметкерлері бір сәттік хайптың орны толмас өкінішке ұласуы мүмкін екенін ескертеді. Қауіпсіздік – кез келген қаралымнан маңызды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар