«55 млн теңге алды»: Мақпал Жүнісова үйін жөндеген жұмысшыларға ренішін білдірді

/
«55 млн теңге алды»: Мақпал Жүнісова үйін жөндеген жұмысшыларға ренішін білдірді

Әнші, Халық әртісі Мақпал Жүнісова үйін жөндеген жұмысшыларға ренішін білдіріп, олардың істеген жұмысының сапасына шағымданды, деп хабарлайды turkystan.kz

Өнер иесінің айтуынша, жөндеуге 55 миллион теңге төлегенімен, жұмыс аяқталғанына бір жылға жетпей, үйдің кей бөліктері түсіп жатыр. Ол жағдайды әлеуметтік желіде көрсетіп, құрылысшылардың жұмысына наразылығын білдірді.

«Үйге жасалған жөндеу жұмысына әлі бір жыл болған жоқ. Өзіміздің құрылысшы қазақ жігіттерінің жасап кеткенін қараңыздаршы. Жөндеу жұмысына 55 миллион теңге алды. Төрт ай миымды шірітті. Тамақтарын беріп, ақшаларын төледім. Киіз үйде жатты. Үйдің жан-жағындағысы түсіп жатыр.

Қалай осылай жұмыс істеуге болады?! Бәрі түсіп жатыр. Сұмдық. Еркегі жоқ, жесір әйел деп басынғаны ма? Мен ол бригадирді білемін. Бірақ онымен соттасып жүретін уақытым жоқ. Жалпы, халық білсін деп айтып, көрсетіп отырмын. Басқа құрылысшылар мүлдем дұрыс жасамаған дейді. Қалай жыламайсың?! Әттең, Зәкең жоқ. Бастарын жұлып алар еді. Масқара. Осындай жұмысшылар жүрегімді ауыртады», – деді ол.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар