Жазасын өтеп жатқан азамат бостандыққа шығуына бір ай қалғанда түрме қабырғасында некесін қиды (ВИДЕО)

Жазасын өтеп жатқан азамат бостандыққа шығуына бір ай қалғанда түрме қабырғасында некесін қиды (ВИДЕО)

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №19 мекемесінде ерекше неке қию рәсімі өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жазасын өтеп жатқан азамат алты жыл бойы өзін күткен сүйіктісімен заңды некеге тұрды. Қос ғашық алты жыл бойы байланысын үзбей, қарым-қатынастарын сақтап келген.

Неке қию рәсімі мекеме аумағында өтті. Азамат бостандыққа шығуына бір ай қалғанда өміріндегі маңызды қадамға барып, сүйіктісімен шаңырақ көтерді.

 «6 жылдық күтудің, сағыныш пен сенімнің нәтижесі — бүгінгі қуанышты күн. Ал алда оларды бірге бастайтын жаңа өмір күтіп тұр», – делінген жазбада.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар