Жексенбі, 4 Желтоқсан, 2022

Жақсы адамның артында ұрпақ қалу керек-Нүсіпжановтың жары көп жүрегін тебірентті

Әнші Қазақстан Республикасының Халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов үйленді.

Бұл туралы Қуандық Ешмет есімді азамат Instagram желісіндегі парақшасында хабарлаған. Оның айтуынша, той 26 тамызда Алматы қаласында өткен.

“Қазақстан Республикасының халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың, Қазақстан жастар Одағы сыйлығының, Қырғыздың Абылас Молдабаев атындағы халықаралық сыйлықтарының лауреаты, Өзбекстан республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Нұрғали Нүсіпжанов ағамыз 26 тамыз күні отау тікті құтты болсын!”, – деп жазған Қуандық Ешмет.

Содан кейін той видеолары әлеуметтік желіде таралып, қызу талқыға түсіп жатыр. 82 жастағы Нүсіпжанов өзінен 45 жас кіші белгілі журналист Жадыра Сейдешпен шаңырақ көтерді.

Желіде тарап жатқан тойдың үзінді видеоларының ішінде келіннің тебірене сөйлеген сөзі көп жүрегін тебірентті. «Жақсы адамның артында ұрпақ қалу керек», – деген Жадыра Сейдеш ақжарма тілектерін некелі жарына арнаған. 

 

Байқау айқын
Байқау айқын
Back to top button