Кейінгі кезде әншілік өнерімен көзге түсіп, «Шәй в большом городе» атты алғашқы киносын түсіріп жатқан Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқанованың әпкесі оның оқырмандарына үндеу жолдады.
"Мөлдір атқа қонса, тақымын қысып отыратын дос-бауырлары боламыз осы тұрғанда.
Ауқымды жобаны қолға алып, басқарып, ұйымдастырып, жасап жатқан еңбегің өзіңе мол абырой, қуаныш, күш-қайрат әкелетініне сенеміз.
Бір қызық жәйт болып тұр инстаәлемде. Қазақтың қыз-келіншектері даму керек, әйел адам дамыса салауатты, білімді ұрпақ тәрбиелейді дегенді мен де ұстанамын. Енді деймін де, ішкі қуатыңды шығарып, біліміңді пайдаланып, өнеріңді, қабілетіңді ұштап, шыңдап, әрекеттенсең, айнала, жан-жақ жабыла қолдап кетуден гөрі, сын айтып, мін тағу дегенді көріп қалып жатырмыз.
Ағайын, жақындарым, бір қазақтың қызы өссін, қолдайық. Байыса байысын, жұлдыз болса, жұлдыз болсын, тележүргізуші, әнші, биші, продессер, әртіс, кәсіпкер бола берсін. Бәрімізге осы ғаламда орын жетеді. Кең пейілді қазақпыз біз. Бір жұлдызды жарқыратып жіберейік, жақсы тілектер жаудырайық", – дейді Айгүл Мұқанова.