Шығыстық үлгідегі автобекет  

Шығыстық үлгідегі автобекет  

Шығыстық үлгідегі автобекет  
ашық дереккөзі
272
Түркістан облысына кезекті іс­са­па­ры­мен келген Үкімет басшысы Асқар Мамин бастаған жұмыс тобы ең алдымен Түркіс­тан қаласындағы халықаралық авто­бе­кет­тің ашылу рәсіміне қатысты. ҚР Премьер-министрі А.Мамин халықаралық автобекеттің  ашылуымен құттықтап, игі лебізін білдірді. Түркістан қаласында салынған авто­вокзалға тапсырыс беруші «Қасиет Транзит Сервис» ЖШС. Мердігер мекеме – «ЮгСтрой­конструкция» ЖШС. Нысан­ның құрылысы биыл, яғни 2019 жылдың сәуір айында басталып, 2019 жылдың тамыз айында құрылыс жұмыстары аяқталып, халық игілігіне пайдалануға берілді.  Халықаралық авто­бекет Кентау қаласына қарасты Шаға ауылында орналасқан. Шығыс үлгісінде салынып жатқан нысанның жалпы аумағы  2,4 га құрайды. Жоспарға сай, 600 автобусқа арнайы 15 тұрақ қарастырылған. Тәулігіне 10 мың адамға дейін қызмет көрсете алады. Еліміздің   Алматы, Нұр-Сұлтан   секілді бағыттарымен қатар, облыстың өзгеде аудан қалаларына жүргізілетін болады. Нысанның ішінде ана мен бала бөлмесі, күту залы, асхана, тынығатын орындармен қамтылған. Сондай-ақ автовокзал аумағында барлық стандартқа сай автокөлік жуу орны, техникалық қызмет көрсету орындары ашылу жоспарланып отыр.

Серіктес жаңалықтары