Ұлттық кеңестің алғашқы ресми жиыны 6 қыркүйекте өтеді

Ұлттық кеңестің алғашқы ресми жиыны 6 қыркүйекте өтеді

Ұлттық кеңестің алғашқы  ресми жиыны 6 қыркүйекте өтеді
ашық дереккөзі
Биыл  17 шілдеде Мемлекет басшысының жарлығымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің ережесі мен құрамы бекітілгені белгілі. Кеңестің алғашқы отырысы 6 қыркүйекке  жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР Президентінің кеңесшісі, Ұлттық кеңес хатшысы Ерлан Қарин былай деп мәлімдеді: «Мемлекет басшысының қатысуымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысы шамамен 6 қыркүйекте өтеді. Қазіргі уақытта алғашқы кеңейтілген отырысқа қызу дайындық жүргізіліп жатыр». Е.Қариннің айтуынша, осы жылдың шілде мен тамыз айларында Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында Ұлттық кеңеске мүшелікке енген азаматтармен кездесу өткізілген. Сондай-ақ, талқылау барысында Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысының алдында ұйымдастырушылық жиынды өткізу келісілген. «Ішкі сұрақтарды - Ұлттық кеңес жұмысының жалпы регламентін, жұмыс топтарын құру мәселелері мен құрамын талқылау үшін алдын ала жиын өтеді. Ұйымдастырушылық жиын 28 тамызға жоспарланған», – деп түсіндірді Президент кеңесшісі. «Түркістан-ақпарат»