929
Сарыағашта жоғалып кеткен 3 жасар бүлдіршіннің денесі табылды
Баланың денесіне медициналық сараптама жасалады
Сарыағашта үш күн бұрын жоғалып кеткен 3 жасар Асылымның денесі 18 мамыр күнгі сағат 22:50 шамасында көршісінің әжетханасынан табылды, деп жазады turkystan.kz.
«3 күн іздеген 3 жасар періштенің денесі табылды. Қарама-қарсы көрші үйдің әжетханасына түсіп кетіпті. Бүкіл ел уайымдап, дін-аман табылуына тілекші болып едік. Әттең ғажайып болмады. Аяғы шыққан, бірақ ес білмейтін балаларыңызды көзден таса қалдырмаңызшы, халайық», — деп жазды журналист Гүлмира Абықай желідегі парақшасында.
Айта кетейік, оқиғаның қалай болғанын полиция анықтап жатыр. Баланың денесіне медициналық сараптама жасалады.