Шетелдік журналистер Ясауи кесенесімен танысты

Шетелдік журналистер Ясауи кесенесімен танысты

Шетелдік журналистер Ясауи кесенесімен танысты
ашық дереккөзі
Түркістан қаласына шетелдік тілшілер келіп, Қожа Ахмет Ясауи кесенесімен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен мәдени баспасөз-турының мақсаты - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын халықаралық деңгейде насихаттау. ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Мәдениет және спорт министрлігі, Түркістан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен сапар барысында UNESCO тізіміне енген Қожа Ахмет Ясауи кесенесі және ондағы жәдігерлермен танысқан БАҚ өкілдері Жерасты қылуеті, Жұма мешітін де аралады. Аустрия, Германия, Италия, Корея, Қытай, Мысыр, Ұлыбритания, Үндістан, Франция, Швеция, Швейцария сынды мемлекеттердің, атап айтқанда «Specchio Economico» (Италия), «Global Times» (Қытай), «Le Figaro» (Франция), «Korean Broadcasting System» телеарнасы (Корея), «The Holiday Magazine» (Ұлыбритания) 20-ға жуық журналист «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры Ахметжанов Нұрболат Қадырұлы және археолог мамандардан сұхбат алып, пікір алмасты. «Жаһандық әлемдегі қазіргі қазақстандық мәдениет» жобасы шеңберінде төртінші рет өткен баспасөз туры туризмді дамыту және жалпы Қазақстанның дамып келе жатқан мемлекет ретіндегі оң имиджін қалыптастыруға бағытталған.