Қаңтар-шілдеде Қазақстанның негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі 11,3% артты

Қаңтар-шілдеде Қазақстанның негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі 11,3% артты

Қаңтар-шілдеде Қазақстанның негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі 11,3% артты
ашық дереккөзі
Қазақстанда негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 2019 жылдың қаңтар-шілде айларында 6 347,9 млрд теңгені құрады. Бұл 2018 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 11,3% артық, деп хабарлайды ҚазАқпарат Есептік кезеңдегі инвестициялардың негізгі көздері шаруашылық субъектілерінің меншікті қаражаты болып отыр. Оның көлемі – 5 245,14 млрд теңге. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемінде әртүрлі шығындарға бағытталған инвестициялық салымдар 20,3% артқан. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың негізгі үлесін қаңтар-мамыр айларында тау-кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді қазу (50,4%), жылжымайтын мүлікпен операциялар (13,3%), тасымалдау және қоймалау (8,2%) құрады. Ірі кәсіпорындар инвестицияларының көлемі 3 675,5 млрд. теңгені құрады.