Түркия мен Ресей алыс-берісінің тағдыры таразыда тұр

Түркия мен Ресей алыс-берісінің тағдыры таразыда тұр

Түркия мен Ресей алыс-берісінің тағдыры таразыда тұр
ашық дереккөзі
288

Түркия әскери әуе күштерінің ресейлік бомбалаушы ұшақты жоюы екі елдің сауда-экономикалық байланыстарының келешегін күңгірттендірді. Көлемі бойынша Ресейдің бесінші сауда серіктесі саналатын Түркия әріптестерінің біразын жоғалтуы мүмкін. Қазірдің өзінде Түркияның туризм саласына қауіп төніп тұр: Ресей Сыртқы істер министрлігі ел тұрғындарына Түркияға барудан бас тартуды ұсынуда. Бұл туралы РБК хабарлады. Екі ел арасындағы сомасы жылына 30 млрд. долларды құрайтын өзара сауда мен 2 млрд. доллардан астам өзара жинақталған инвестициялардың болашағы күмәнді. Бүгінде Мәскеудің сыртқы әлеммен саудасының 4,6 пайызы Стамбұлға тиесілі екенін ескерсек, түріктер  ірі нарықтан шеттетілгелі тұр. Мәскеудің Қытай, Германия, Нидерланды және Италиядан кейінгі бесінші ірі серіктесі саналатын Түркияның Ресеймен алыс-берісі Еуразиялық экономикалық одақтағы әріптестері Беларусь, Қазақстан және Украинадан да асып түсетінін айтпай кетуге болмас. Ресей мен Түркия арасындағы тауар айналымы 2014 жылы 31 млрд. доллар, 2015 жылдың 9 айында 18,1 млрд. долларды құраған. Қызметтер саудасында да орыс-түрік байланыстарының көрсеткіші жоғары. Мысалы, 2014 жылы қызмет пен тауар айналымы шамамен 44 млрд. долларды құрады. Халықаралық сарапшылардың айтуынша, кешегі оқиғадан кейін мұндай көрсеткіштер көзден бұлбұлдай ұшуы ықтимал.

Серіктес жаңалықтары